12.05.2008, 18:52 3331

Қызылорда облысы өңірлер үшін даму үлгісі іспетті - Назарбаев

"Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның өңірлерінің дамуының көрнекті үлгісі Қызылорда облысы екенін атап көрсетті. Ол барлық бағыттар бойынша өсу қарқынын көрсетіп отыр және көздеген жоспарларын жүзеге асыру үшін қажетті жеткілікті мөлшердегі әлеуетке ие", - деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысы өңірлер үшін даму үлгісі болып табылады. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев облыс белсенділерімен кездесуде осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның өңірлерінің дамуының көрнекті үлгісі Қызылорда облысы екенін атап көрсетті. Ол барлық бағыттар бойынша өсу қарқынын көрсетіп отыр және көздеген жоспарларын жүзеге асыру үшін қажетті жеткілікті мөлшердегі әлеуетке ие", - деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мемлекет басшысы облыстың ауыл шаруашылық секторының негізгі дақылы күрішті өсіру кезінде қолда бар инженерлік жоспарланған жерлерді көңілге қонымды түрде пайдалану қажеттігін көрсетті. "Облыс әкімдігіне "Оңтүстік" ИКК бірлесе отырып жеміс-көкөніс өнімдерін дайындау, сақтау және өңдеу бойынша арнайы шаруашылықтарды дамыту міндеті жүктелді", - деп көрсетілген құжатта.

"Қызылорда облысының уран кеніштерін жедел игеру маңызды міндет. Бұл саланың болашағы айқын. Сондықтан ол өңір экономикасын дамытуда алға тартушы күшке айналуы ғажап емес", - деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

Президент Бейнеу - Бозой - Шымкент магистральдық газ құбырын, Батыс Еуропа - Батыс Қытай автомагистралін салу сияқты жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды. "Үкімет Көксарай су қоймасын салу жөнінде шешім қабылдады. Бұл үлкен қаржылық шығындарды талап ететін күрделі шешім болып табылады. Бірақ, Сырдариядағы көктемгі су тасқыны проблемасынан түпкілікті арылу үшін, оңтүстік өңірлеріміздің ауыл шаруашылығының суға деген қажеттігін сенімді қамтамасыз ету үшін біз осыған барамыз. Бұл жоба сондай-ақ, Кіші Аралдың толысуына да ықпал етеді", - деп атап көрсетті президент.

"Кездесуді аяқтай келе мемлекет басшысы облыстағы жағдайға тұрақты деп баға берді. Оған облыс әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің тиімді жұмысы, оның ұйымдастыру қасиеттері және халықпен жұмыс істей білетіндігі ықпал етті", - деп көрсетілген хабарламада.

Сонымен қатар, Н. Назарбаев Қызылорда облысының ауыл шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосқан және Социалистік Еңбек Ері құрметті атағына ие болған ардагер әйелдер Сәлимә Жұмабекова, Шырынгүл Қазанбаева мен Жадыра Тасманбетоваға пәтер кілттерін табыс етті, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны