24.02.2017, 18:25 4831

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев баспасөз мәслихатын өткізді

БАҚ өкілдерімен кездесу барысында вице-министр Елбасы Жолдауыныӊ негізгі басымдақтарын түсіндіріп, алға қойылатын мақсаттар мен міндеттерге баса назар аударды.

Қызылорда. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде Елбасыныӊ Жолдауын насихаттау мақсатында Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев баспасөз мәслихатын өткізді.

БАҚ өкілдерімен кездесу барысында вице-министр Елбасы Жолдауыныӊ негізгі басымдақтарын түсіндіріп, алға қойылатын мақсаттар мен міндеттерге баса назар аударды.

Сонымен қатар, аймақтағы энергетика саласы бойынша жоғары технологиялық деректерді цифрландыру арқылы тұтынушылардыӊ өмір сүру сапасын жақсарту міндеті туралы баяндады. "Ақылды" жүйелерді құру перспективалары туралы және электр жабдықтау жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды ақпараттандыру және цифрландырудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев Сыр еліне жұмыс сапары барасында, Ақшабұлақ кен орнында мұнай және сервистік компания қызметкерлерімен, жоғарғы және арнаулы оқу орындарыныӊ профессор-оқытушылары, студенттерімен кездесті. Кездесуде Қызылорда облысыныӊ 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық жетістіктері жайлы кеӊінен әӊгіме болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны