12.06.2017, 18:23 3731

Қызылорда облысынан Парламент Сенатыныӊ депутаттығына 3 кандидат тіркелді

Қызылорда облысынан Парламент Сенатыныӊ депутаттығына ұсынылған 5 кандидаттыӊ 3-і тіркелді, екі кандидат өз-өзін ұсыну туралы шешімнен бас тартты.

Қызылорда. 12 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысынан Парламент Сенатыныӊ депутаттығына ұсынылған 5 кандидаттыӊ 3-і тіркелді, екі кандидат өз-өзін ұсыну туралы шешімнен бас тартты. Бұл туралы бүгін Өӊірлік коммуникациялар орталығында облыстық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Абайбек Жүнісов пен облыстық сайлау комиссиясыныӊ хатшысы Аягөз Сырлыбаеваныӊ қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарыныӊ кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардыӊ күнтізбелік жоспарына сәйкес 7 маусымда Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды.

8 маусымнан бастап тіркелген кандидаттар 2017 жылғы 26 маусым күнгі сағат 24-00-ге дейін жүргізілетін сайлау алдындағы үгітке кірісе алады.

- Республикалық бюджеттен әрбір кандидаттыӊ теледидардан 15 минут сөз сөйлеуіне, радиодан 10 минут сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялануына теӊ мөлшерде 460000 теӊгеден қаражат бөлінген. Облыстық сайлау комиссиясыныӊ 2017 жылғы 2 маусымдағы № ОСК- 110/238 қаулысымен кандидаттардыӊ таӊдаушылармен - облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардыӊ депутаттарымен кездесулерініӊ кестесі бекітілді. Облыстық сайлау комиссиясына осы сайлау науқанына қатысты өтініштер (шағымдар) келіп түскен жоқ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны