04.05.2017, 15:59 5055

Қызылорда облысынан Парламент Сенатыныӊ депутаттығына 5 үміткер тіркелді

Олар: облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Ақмарал Илназарова, Сырдария аудандық мәслихатыныӊ хатшысы Ержан Ижікенов, "Байкен-Ю" ЖШС бас кеӊесшісі Ғайнулла Жарқынбаев, ҚР Парламент Сенатыныӊ депутаты Мұрат Бақтиярұлы, "Байқоӊыр" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Темірхан Кенжебаев

Қызылорда. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Алдағы маусым айында Парламент Сенаты депутаттарыныӊ сайлауы өтеді. Бұл туралы ҚР Президентініӊ Жарлығы да жарияланды. Осы орайда кеше облыстық сайлау комиссиясы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихаты өткізілді. Оған облыстық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы А.Жүнісов, сайлау комиссиясыныӊ хатшысы А.Сырлыбаева, сайлау комиссиясыныӊ мүшесі Қ.Наурызбаев қатысты.

Облыстық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы А.Жүнісов өз сөзінде 2011 жылғы 19 тамызда Қызылорда облысынан сайланған сенатор Мұрат Бақтиярұлыныӊ өкілеттілігініӊ 31 тамызда аяқталатындығына байланысты оныӊ орнына бір депутат сайланатындығын атап өтті.

Конституцияға сәйкес жасы 30-ға толған, жоғары білімді, жұмыс тәжірибесі бес жылдан кем емес, сондай-ақ, еліміздіӊ аумағында соӊғы он жыл бойы және өзі дауысқа түсетін өӊірде кемінде үш жыл тұрақты тұратын Қазақстан азаматы Парламент Сенатыныӊ депутаты бола алады.

- Парламент Сенатыныӊ депутаттығына кандидат ретінде тіркелу үшін үміткер өӊірдегі барлық мәслихаттар депутаттарыныӊ кемінде он пайызыныӊ қолдауына ие болуы тиіс. Қызылорда облысынан Парламент Сенатыныӊ депутаттығына 5 үміткер тіркелді. Олар: облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Ақмарал Илназарова, Сырдария аудандық мәслихатыныӊ хатшысы Ержан Ижікенов, "Байкен-Ю" ЖШС бас кеӊесшісі Ғайнулла Жарқынбаев, ҚР Парламент Сенатыныӊ депутаты Мұрат Бақтиярұлы, "Байқоӊыр" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Темірхан Кенжебаев. Кандидаттардыӊ ұсынылған құжаттары тексеріліп, олардыӊ заӊнамамен қойылған талаптарға сәйкес келетіндігі туралы хаттамалық шешім қабылданды, таӊдаушылардыӊ қолдауын алу үшін қол қою парақтары берілді. Алдағы Парламент Сенаты депутатын сайлауда дауыс беруге тек таӊдаушылар - мәслихат депутаттары ғана қатысады, яғни сайлау нәтижесі облыс бойынша барлық деӊгейдегі мәслихаттардыӊ 147 депутатыныӊ таӊдауына байланысты болады, - деді сайлау комиссиясыныӊ хатшысы А.Сырлыбаева.

Орталық сайлау комиссиясыныӊ 2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатын сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардыӊ күнтізбелік жоспарын бекіту туралы облыстық сайлау комиссиясыныӊ мүшесі Қ.Наурызбаев кеӊінен таратып айтып берді.

- Аталған жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 28 мамырға дейін, кандидаттарды тіркеу 7 маусымға дейін жүреді, ал сайлау алдындағы үгіт 8 маусымда басталып, 26 маусым күнгі 24.00 сағатқа дейін жүргізіледі. Дауыс беруді, дауыстарды санауды және нәтижелерін жариялауды облыстық сайлау комиссиясы бір күн ішінде - 28 маусымда жүргізеді. Кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ көліктік шығындарға республикалық бюджеттен 2 млн 133 мыӊ теӊге бөлінді, - дейді Қ.Наурызбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны