13.06.2017, 14:59 3931

Қызылорда облысынан Парламент Сенатыныӊ депутаттығына кандидаттар бағдарламаларымен таныстырды

Үміткерлердіӊ Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарынан облыстық мәслихатқа сайланған қалаулылар мен аудандық мәслихат депутаттарымен кездесуін ашқан облыстық сайлау комисссиясыныӊ төрағасы А.Жүнісов таӊдаушыларға үгіт жүргізудіӊ тәртібі бойынша бірқатар түсіндірмелер берді.

Қызылорда. 13 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ депутаттығына кандидаттар кездесуді бастады.

Үміткерлердіӊ Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарынан облыстық мәслихатқа сайланған қалаулылар мен аудандық мәслихат депутаттарымен кездесуін ашқан облыстық сайлау комисссиясыныӊ төрағасы А.Жүнісов таӊдаушыларға үгіт жүргізудіӊ тәртібі бойынша бірқатар түсіндірмелер берді.

Сайлауалды үгітті кандидат өздігінше жүргізе алады, сондай-ақ бір кандидатқа әрбір аудан\қаладан бір адамнан келетін өзініӊ сенім білдірілген адамын тарта алады. Үгітті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, кандидаттардыӊ таӊдаушылармен сайлауалды кездесулер мен жиналыстар, кандидаттар мен олардыӊ сенім білдірілген адамдарыныӊ таӊдаушылармен жеке кездесулер, баспа және өзге де тыйым салынбаған үгіт материалдарын басып тарату арқылы жүргізілуі мүмкін.

Сайлауалды үгіт жүргізу кезінде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық Заӊымен бірқатар тыйым шаралары белгіленген. Мысалға, сайлау комиссияларыныӊ мүшелері, діни бірлестіктер, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдары мен сот органдарыныӊ жұмыскерлері үгіт жұмыстарына қатыса алмайды. Мемлекеттік қызметші болып табылатын кандидатарға өздерініӊ қызметтік немесе лауазымдық жағдайыныӊ артықшылықтарын пайдалануға тыйым салынған.

Депутаттыққа кандидаттарға жөнсіз үгіт жүргізуге, соныӊ ішінде таӊдаушыларға сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа, көрнекілік материалдарын, омыраубелгі, жалаушаларды ақысыз тарату жағдайларын қоспағанда ақысыз немесе жеӊілдік шарттарымен тауар, қызмет ұсынуға, лотерея, қайырымдылық шараларын өткізуге, ақша төлеуге және т.б. заӊмен тыйым салынған. Кандидат баспа, көрнекілік материалдарын әзірлеген жағдайда оларда міндетті түрде қандай баспахананыӊ басып шығарғандығы, басылған орны мен таралымы, қаржыландырылуы қандай көздерден жүргізілгендігі, тапсырыс беруші (депутаттыққа кандидат немесе оныӊ сенім білдірілген адамы) туралы бастапқы деректер көрсетілуі тиіс.

Заӊ талаптарына кеӊінен тоқталған облсайлаукомныӊ төрағасы биылғы сайлаудыӊ ерекшелігі - 28 маусымдағы сайлау кезінде дауыс берудіӊ алдын-ала қорытындыларын көрсете отырып, таӊдаушыларды электрондық тіркеу болатындығын айтып өтті. Ол бұл жаӊашылдықтыӊ таӊдаушылардыӊ келуі туралы, сондай-ақ өӊірлерде дауыстарды санау рәсімі аяқталған соӊ дауыс берудіӊ алдын ала қорытындылары туралы ақпаратты Ортсайлаукомныӊ ресми сайтында онлайн режимде орналастыруға мүмкіндік беретіндігін жеткізді.

Кездесу барысында кандидаттар Е.Ижікенов, А.Илназарова мен М.Бақтиярұлы таӊдаушыларды өз сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, сұрақтарына жауап берді.

Кандидаттардыӊ таӊдаушылармен осындай кездесулері 13 маусымда - Арал, Қазалы ауданында, 14 маусымда - Қызылорда қаласында, 15 маусымда - Шиелі, Жаӊақорған аудандарында өткізіледі,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны