12.01.2007, 14:31 2979

Қызылорда облысында 2006 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 есе артық есірткі тәркіленді

ҚЫЗЫЛОРДА. 12-қаңтар. Kazakhstan Today. Қызылордада есірткі қылмысымен күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 10 есе артық есірткі тәркілеген, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"2006 жылы бірінші рет заңсыз есірткі айналымынан 203 кг 201 г есірткі заттары тәркіленді, ал алдыңғы жылғы көрсеткіш - 20 кг 125 г",- деп хабарлады Қызылорда облысының ІІД ЕКБ бастығы Айбек Мырзалиев.

А. Мырзалиевтің ақпараттарына сүйенсек, өткен жылы жалпы салмағы 1 кг 231 г героин тәркіленсе, 2005 жылы - 142,9 г героин тәркіленген.

Аймақта өткен жылы есірткіге қатысты 135 , 2005 жылы 119 қылмыс анықталған, яғни 13,5 пайызға артық. Есірткі сату дерегі бойынша 55 қылмыс ашылған. Есірткі сақтаушылардың 14-і қарасораны заңсыз еккендігі анықталып, екі контрабанда дерегінің жолы кесілген.

"Мак-2006" жедел - алдын-алу шарасын жүргізу барысында Қызылорда облысының аумағынан есірткіге қатысты 66 қылмыс анықталды. Заңсыз айналыман 70 келіден астам есірткі тәркіленді", - деді подполковник.

Жастар шоғырланатын орындарда есірткіге қатысты 12 құқық бұзушылық дерегі тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны