18.06.2014, 21:25 3574

Қызылорда облысында "Алтын белгi" иегерлері марапатталды

Қызылорда облысында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев "Алтын белгі" иегерлері 94 жас түлекті марапаттап, сыйлықтар тарту етті.

Алматы. 18 маусым. Kazakhstan today. Қызылорда облысында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев "Алтын белгі" иегерлері 94 жас түлекті марапаттап, сыйлықтар тарту етті.

"Бүгін біз үшін маңызды күн. Сіздер біздің үкілеген үмітімізді ақтадыңыздар. Осы жеңістеріңізбен құттықтаймын!", - деді Қырымбек Көшербаев.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл аймақта білім саласына өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есе артық қаржы бөлінді. Жыл соңына дейін өңірде 30 мектеп пен 8 балабақша пайдалануға беріледі. Бұдан басқа, 49 білім ошағына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ал, облыс әкімінің гранты 300-ге жетті. Оның үстіне, Ресей Федерациясының есебінен тағы 153 оқушы " МИСиС" ҰЗТУ білім алатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны