24.05.2017, 16:08 4603

Қызылорда облысында апатты мектеп деген түсінік түпкілікті жойылады - облыс әкімі

-Біздіӊ өӊірде бас-аяғы 37 апатты мектеп болған. Бүгінде соныӊ 25-ін салып бітірдік. Қалған 12 білім ошағыныӊ тоғызын жазға дейін салып бітіреміз. Ал қыркүйекке дейін соӊғы 3 мектеп те дайын болады. Осылайша біз апатты мектеп деген түсінікті түбегейлі жоямыз.

Қызылорда. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Апатты мектеп деген түсінікті түпкілікті жоямыз. Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев "Икім сағаты" хабарында Қармақшы ауданынан сұрақ қойған Азамат Молдабаев есімді көрермен сұрағына орай осылай деді. Өз сауалында соӊғы жылдары әлеуметтік нысан көптеп салына бастағанын айтқан Азамат апатты мектептер мен балалар тынығу лагерлерініӊ де жайын қозғаған еді.

-Біздіӊ өӊірде бас-аяғы 37 апатты мектеп болған. Бүгінде соныӊ 25-ін салып бітірдік. Қалған 12 білім ошағыныӊ тоғызын жазға дейін салып бітіреміз. Ал қыркүйекке дейін соӊғы 3 мектеп те дайын болады. Осылайша біз апатты мектеп деген түсінікті түбегейлі жоямыз,- деді облыс басшысы.

Балалардыӊ тынығу лагерлері де назардан тыс қалған жоқ. Бірақ, лагерлер тек 3-ақ ай жұмыс істеп, қалған уақытта қаӊырап тұрмауы тиіс. Иесіз қалған үйдіӊ қирауы оӊай. Қамбаштағы балалар тынығу орны осындай оймен салынды. Онда балалар ҰБТ-ға дайындалады, мұғалімдер біліктілігін көтереді. Олардан босаған уақытта ардагер ұстаздарды тынықтырып аламыз.

Осындай лагердіӊ бірін Қармақшыдан да саламыз. Оған жақында бюджеттен қаржы бөлінді. Қазір конкурстық рәсімдер жүріп жатыр. Жақын арада мердігерлер жұмысқа кірісіп, 120 орындық лагерь құрылысын бастайды, - деді әкім.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны