30.06.2017, 16:36 10385

Қызылорда облысында апатты мектептердіӊ проблемасы толық шешілді

Жуырда Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарында жаӊа мектептер мен балабақшалар пайдалануға берілді. 2013 жылдыӊ 1 қаӊтарында 36 апатты мектеп болса, 2016 жылға дейін олардыӊ 25-і салынды. Ал 2016 жылы жергілікті бюджет есебінен соӊғы 11 апаттық жағдайдағы мектеп құрылысы басталды. Осылайша апаттық мектептердіӊ проблемасы Қызылорда облысында толық шешілді.

Қызылорда. 30 маусым. Kazakhstan Today - Жыл сайын Қызылорда облысыныӊ бюджетінен әлеуметтік салаға бөлінген қаржы көлемі артып келеді. Мысалы, биыл бюджеттіӊ 80 миллиард теӊгесі (41 пайызы) білім саласына жұмсалады. Бұл бағытта Қызылорда облысы республикада көш басында келе жатқан аймақтардыӊ бірі.

Жуырда Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарында жаӊа мектептер мен балабақшалар пайдалануға берілді.

Аралдағы Ескіұра, Үкілісай және Көктем ауылдарындағы жаӊа білім ошағы 50 балаға арналған. Жиырма орындық шағын орталықтары тағы бар.

Апатты мектептіӊ орнына салынған жаӊа білім ұясы ауылдағылар үшін үлкен қуаныш. Мысалы, Ескіұра ауылында 30-ға жуық отбасы тұрады. Бұрынғы мектепте тек бастауыш сынып балалары оқитын. Ал жоғары сынып оқушылары Райым ауылындағы мектеп-интернатта білім алып келді. Жаӊа ғимараттыӊ салынуы бұл мәселеніӊ түйінін толық шешті.

Қазалы ауылындағы Бірлік ауылында салынған №102 140 орындық. Екіқабатты ғимаратта лингафон, мультимедиалық кабинеттер, химия және биология лабораториялары, асхана, спорт және акт залы бар. Жүз орындық жаӊа білім ошағы осы аудандағы Лақалы ауылында да есігін айқара ашты.

Жосалы кентінде бұрын мектептер жанындағы нысанды паналап келген "Ертөстік", "Айгөлек" балабақшалары да жаӊа ғимаратқа ие болды. Қуаӊдария ауылында 140 орындық білім ошағы пайдалануға берілді.

Елбасы аймақтарға білім саласындағы басты 3 міндетті тапсырған еді. Ол - үш ауысымдық және апаттық мектептерді жою және 3-6 жастағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту. Біздіӊ облыс 2015 жылы үш ауысымдық мектептерді түбегейлі жоюға қол жеткізді. Осы жылы 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету 100 пайызға орындалды. Қазіргі экономикалық күрделі ахуалға қарамастан біз апаттық жағдайдағы мектептер мәселесін де жүйелі шеше алдық.

2013 жылдыӊ 1 қаӊтарында 36 апатты мектеп болса, 2016 жылға дейін олардыӊ 25-і салынды. Ал 2016 жылы жергілікті бюджет есебінен соӊғы 11 апаттық жағдайдағы мектеп құрылысы басталды. Осылайша апаттық мектептердіӊ проблемасы Қызылорда облысында толық шешілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны