30.05.2017, 18:51 4412

Қызылорда облысында Арал өӊірін тұрақты дамыту жөніндегі халықаралық форум басталды

Алқалы жиынныӊ басты мақсаты - Арал өӊіріндегі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша баршаныӊ танымын арттыру, тұрақты дамудыӊ ғаламдық мақсаттарына сәйкес әлем жұртшылығыныӊ назарын оныӊ өзекті мәселелеріне аудару болып табылады.

Қызылорда. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында Арал өӊірін тұрақты дамыту жөніндегі халықаралық форум өз жұмысын бастады. Форумныӊ басты ұйымдастырушылары - Қызылорда облысыныӊ әкімдігі, "Астана" халықаралық ғылыми кешені және Халықаралық Аралды құтқару қорыныӊ Қазақстан Республикасындағы Атқарушы дирекциясы.

Форумныӊ серіктес ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасыныӊ Ауыл шаруашылығы министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Энергетика министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі.

Алқалы жиынныӊ басты мақсаты - Арал өӊіріндегі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша баршаныӊ танымын арттыру, тұрақты дамудыӊ ғаламдық мақсаттарына сәйкес әлем жұртшылығыныӊ назарын оныӊ өзекті мәселелеріне аудару болып табылады. Екікүндік форум жұмысына ҚР Орталық мемлекеттік атқарушы органдар басшылары, Орта Азия, Ресей, АҚШ, Италия, Жапония, Корея, Беларусь, Иран мемлекеттерініӊ дипломатиялық өкілдіктерініӊ басшылары және халықаралық ұйымдар өкілдіктерініӊ басшылары: БҰҰ, ОБСЕ, Дүниежүзілік банк, Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкі, басқа да халықаралық ұйымдардыӊ өкілдері қатысады.

Арал теӊізі өӊірініӊ дамуына арналған инвестициялық және гранттық жобаларды жүзеге асыруға халықаралық ұйымдар мен бизнес құрылымдарыныӊ қызығушылықтары артады деп күтілуде. Форум шеӊберінде Арал өӊірініӊ әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған бірқатар ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылатын болады.

Облыс әкімі Қ. Көшербаев жүргізіп отырған форумға Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Г.Ибдіхалықова, Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасыныӊ және Орталық Азия елдерініӊ орталық және жергілікті мемлекеттік органдарыныӊ басшылары, Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердіӊ басшылары қатысуда.

- Қазіргі таӊда әлемдік ғалымдардыӊ күн тәртібінде тұрған ауқымды мәселелердіӊ бірі - экологиялық проблемалар екені ақиқат. Соныӊ ішінде, Арал тағдыры да барша адамзатты алаӊдатқан түйткілдердіӊ бірі.

Бүгінгі таӊда жер шарыныӊ әр түкпірінде орын алған шөлейттену мәселелері, табиғи ортаныӊ бұзылуы және экологиялық тұрақсыздық сияқты қатерлер жаһандық қауіпсіздік үшін үлкен маӊызға ие болып отыр. Бұл сын қатерлерді еӊсеру үшін түбегейлі өзгерістер қажет. Осы орайда Арал халықаралық форумын ұйымдастырудыӊ өзектілігі зор деп білемін, - деді Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Г.Ибдіхалықова өз сөзінде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны