21.07.2014, 20:28 2986

Қызылорда облысында ауыл шаруашылық өнімін өндірушілердің мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті

Қызылорда облысында ауыл шаруашылық өнімін өндірушілердің мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті

Алматы. 21 шілде. Kazakhstan today. Қызылорда облысы КП алаңында "ҚазАгроФинанс" АҚ бөлімшелерінің қандай да бір қызметін алу кезіндегі облыстың ауыл шаруашылық өнімін өндірушілердің мәселесін қарау бойынша дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды palata.kz.

Дөңгелек үстел отырысына оннан астам агроөнеркәсіптік кешен субъектілері жетекшілері, "ҚазАгроФинанс" АҚ бөлімшелерінің жетекшілері, "Қазагромаркетинг" АҚ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жетекшілері, сонымен қатар ҰКП президиумы Агроөнеркәсіптік кешен комитеті хатшылығының сарапшысы онлайн режимде қатысты.

Жиында несие алудағы процедураларды әкішіліктендіру, техника мен мал лизингі, қажетті құжаттар санын азайту, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ холдингінің қаржы институты қандай да бір қаржылық қызметін алу кезіндегі отандық ауыл шаруашылық өнімін өндірушілердің алдынаан жүйелі түрде шығатын кепілдік саясат пен өзге де күрделі мәселелер талқыланды.

"СырдарияАгроИнвест" ЖШС жетекшісі Нұрлыбай Ұлықбанов пен "Байсал" шаруа қожалығы жетекшісі Жамбыл Жанұзақов "ҚазАгроФинанс" АҚ көмегімен жұмыртқа шығаратын құс фабрикасы жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Алайда олардың айтуынша, талап бойынша инвестициялық жобадағы өзіндік меншік 15% құрауы қажет. Ал ірі инвестициялық жобалар үшін бұл анау-мынау кәсіпкердік күші жететін көрсеткіш емес.

Бірқатар шаруашылық жетекшілері несиелеу процесін қысқарту үшін мемлекеттік органдармен арада ақпарат алмасу мен жинау бойынша автоматтандырылған жүйені енгізу мен құжаттар тізімін қысқарту туралы ойларын ортаға салды.

Жоғарыда айтылған мәселелерді талқылау барысында лизинг бойынша Қызылорда облысының "ҚазАгроФинанс" АҚ тарапынан бөлінетін жыл сайынғы соманың статистикалық көрсеткіші келтіріліп, соңғы 4 жылда оның тұрақты түрде 1,5 млрд теңгені құрағаны белгілі болды.

"Қазіргі таңда РКП 2020 жылға дейінгі АӨК дамытудың картасы жобасын дайындады. Оның іске асырылуы жеке инвесторлардың да, мемлекеттік қаржы құралдарының да инвестициялық қызметін жандандыруы тиіс", - дейді РКП директорының орынбасары Руслан Досмаханов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны