12.07.2017, 15:58 4084

Қызылорда облысында аз қамтамасыз етілген азаматтарға 876,7 млн. теӊге әлеуметтік көмек пен балаларға арналған жәрдемақы төленді

Осы жылы бюджетте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 37,8 млн. теӊге қаражат қаралған. Есепті кезеӊге 422 адамға (101 отбасы) 8,1 млн. теӊгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді. Өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда көмек алушылардыӊ саны 244 адамға азайды

Қызылорда. 12 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында жыл сайын тұрғындардыӊ әлеуметтік жағдайына баса назар аударылып келеді. Биылғы жылдыӊ алғашқы алты айында жергілікті бюджеттен 59017 аз қамтамасыз етілген азаматқа 876,7 млн. теӊге әлеуметтік көмек пен балаларға арналған жәрдемақы төленді.

Осы жылы бюджетте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 37,8 млн. теӊге қаражат қаралған. Есепті кезеӊге 422 адамға (101 отбасы) 8,1 млн. теӊгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді. Өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда көмек алушылардыӊ саны 244 адамға азайды.

Биылғы жыл бюджетінде тұрғын үй көмегін көрсетуге 366,9 млн. теӊге қаражат қаралып отыр. Алты айда 7169 отбасына 239,9 млн.теӊге тұрғын үй көмегі төленді. Өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда тұрғын үй көмегін алатындардыӊ саны 598 отбасына азайғаны байқалады.

18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төлеуге 1204,0 млн. теӊге қаражат қаралды. Есепті кезеӊге 51426 балаға (16101 отбасы) 628,7 млн. теӊге балалар жәрдемақысы төленді.

2017 жылдыӊ 1 шілдесіне жергілікті өкілетті органдардыӊ шешімімен жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 8842 адамға 577,4 млн.теӊгеге әлеуметтік төлемдер төленді.

Оныӊ ішінде ҰОС қатысушыларына, мүгедектеріне, ҰОС-ында қаза тапқан жауынгерлердіӊ екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне және сол жылдары тылдағы қажырлы еӊбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, 6 айдан кем емес жұмыс істеген адамдарға, барлығы 5878 адамға 401,2 млн.теӊге төленді.

Ауған соғысыныӊ қатысушылары мен мүгедектеріне, Чернобыль АЭС апатыныӊ зардабын жоюға қатысушылар мен соныӊ салдарынан мүгедек болған азаматтарға, Совет Армиясыныӊ мүгедектеріне, Вьетнам соғысыныӊ мүгедегіне, Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтарға қатысушылар мен соныӊ салдарынан мүгедек болған 1041 адамға төленген сома 70,9 млн.теӊге болды.

Жергілікті өкілетті органдардыӊ шешімімен мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудіӊ сүйемелдеу кезеӊімен ауыратын 971 адамға қосымша тамақтануға 83,4 млн. теӊге төленіп отыр.

Табиғи зілзаланыӊ немесе өрттіӊ салдарынан мүлкіне зиян келген 5 отбасына 1,7 млн.теӊгеге әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Үкіметтік емес ұйымдардыӊ мемлекеттік тапсырысы шеӊберінде "Сыр мейірімі" жобасын қаржыландыруға 2017 жылға облыстық бюджеттен 42,7 млн. теӊге қаражат бөлінді. Жоба аясында күнделікті сапалы тамақтануды қажет ететін 225 жалғыз басты қарттар, мүгедектер, өзін-өзі күте алмайтын науқас және аз қамтылған азаматтар 7,9 млн. теӊгеге түскі ыстық тамақпен қамтылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны