20.06.2017, 21:00 8339

Қызылорда облысында Байқоӊыр қаласындағы кәсіпкерлікті дамытуға арналған ІІ интернет-форум өтті

Форумға қатысушылар өз кезегінде "Байқоӊыр" кешенін дамыту бойынша, мәселен: ақылды технологияларды енгізу, туристер үшін нұсқаулықтар әзірлеу, өнеркәсіпті дамыту сияқты ынтымақтастықтыӊ перспективті бағыттарын талқылады.

Қызылорда. 20 маусым. Kazakhstan Today - 19 маусым күні Қызылордада облыс әкімі Қ.Көшербаевтыӊ, "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы Біржан Қанешевтіӊ және Байқоӊыр қаласы әкімшілігі басшысыныӊ орынбасары Ольга Когайдыӊ қатысуымен Байқоӊыр қаласында кәсіпкерлік пен туризмді дамыту мәселелеріне арналған "Байқоӊырда бизнес жасау мүмкін бе?" атты ІІ халықаралық интернет-форум өтті.

Сондай-ақ, онлайн режимде өткен форумға әлемніӊ 10 елінен: Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Нидерланды, Изербайжан, Израиль, Түркия, Финляндия, Дания және Қазақстаннан өкілдер қатысты.

Облыс әкімі интернет-форумды аша отырып, "жұлдызды қалашықтағы" бизнестіӊ даму перспективалары туралы әӊгімеледі. Сонымен қатар қазіргі таӊда Байқоӊыр қаласындағы 14 нысанды аймақтыӊ коммуналдық меншігіне өткізу туралы жұмыстар жүріп жатқанын, ал олардыӊ негізінде өнеркәсіптік контейнерлер жинау, тұрмыстық және өнеркәсіптік құралдар өндірісі, тоқыма, тамақ өнеркәсібі сияқты өндіріс орындарын ашып, туризмді дамытуға толық мүмкіндік бар екенін атап өтті.

-Бұдан бөлек 2023 жылға дейін ҚР туристік саласын дамыту Тұжырымдамасы аясында "Байқоӊыр" туристік-ойын-сауық аймағын құру жоспарлануда. Бұл аймақта шолу алаӊдары, ғарыштық аттракциондар, сауда орталықтары, музей, аквапарк, кинотеатрлар болады. Аталған нысандарды ашу мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Қазір инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде. Біз барлық кәсіпкерлер мен қызығушылық танытқан тұлғаларды осы іске атсалысуға шақырамыз. Байқоӊыр қаласы инвесторларды қабылдап, олар үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын,-деді Қ.Көшербаев.

Форумға қатысушылар өз кезегінде "Байқоӊыр" кешенін дамыту бойынша, мәселен: ақылды технологияларды енгізу, туристер үшін нұсқаулықтар әзірлеу, өнеркәсіпті дамыту сияқты ынтымақтастықтыӊ перспективті бағыттарын талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны