11.07.2017, 16:06 3879

Қызылорда облысында білім, спорт, мәдениет салалары бойынша 21 нысанныӊ жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленген

Басқарма мамандарыныӊ айтуынша бүгінде жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленген білім, спорт, мәдениет салалары бойынша 21 нысанныӊ жобалары өз кезегін күтуде. Аталған нысандарды мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асыру шаралары да қарастырылып отыр

Қызылорда. 11 шілде. Kazakhstan Today - Осы жылдыӊ екінші тоқсанында Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы Шиелі ауданы Жөлек ауылындағы дәрігерлік амбулатория, Шиелі кентіндегі 150 төсектік орталық аудандық аурухана, Қазалы қаласындағы 250 орындық емхана, Қызылорда қаласындағы облыстық онкология аурухана, Ақсай полиция бөлімшесі, Қазақ орталық атқару Комитетініӊ ғимараты құрылысыныӊ жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.

Басқарма мамандарыныӊ айтуынша бүгінде жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленген білім, спорт, мәдениет салалары бойынша 21 нысанныӊ жобалары өз кезегін күтуде. Аталған нысандарды мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асыру шаралары да қарастырылып отыр.

Сондай-ақ "Қызылорда қаласы СПМК-70 ауданындағы 200 орындық жатақханасы бар 600 орынға арналған кәсіптік-техникалық лицей құрылысы" нысаныныӊ жоба-сметалық құжаты әзірленіп 2017 жылдыӊ 19 сәуірінде "Фрост-КZ" ЖШС-нен (жеке аккредиттелген сараптама) № ФРОСТ-0039/17 сараптама қорытындысы алынды.

Тиісті мекемелермен бірлесіп жобалау жұмыстарына дейін әзірленетін жоба-алды құжаттары өз мерзімінде жинақталып, сәулет жоспарлау тапсырмасына (СЖТ) сәйкес жоба-сметалық құжаттардыӊ әзірленуі қадағалануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны