27.04.2017, 16:51 5254

Қызылорда облысында қала мен ауыл арасындағы теӊсіздікті еӊсеруге арналған ірі білім беру жобаларын жүзеге асыру жоспарланған

2020 жылға дейін әрекет ететін аталмыш меморандум тараптарға Қазақстанда білім беру бағдарламалары мен бастамаларын дамыту саласында өзара әрекеттестікті құрылымдауға мүмкіндік береді.

Қызылорда. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында Microsoftпен ынтымақтасу жөнінде меморандумға сәйкес қала мен ауыл арасындағы теӊсіздікті еӊсеруге арналған ірі білім беру жобаларын жүзеге асыру жоспарланған,- деп хабарлайды Microsoft өкілдігі.

Бұдан бұрын да хабарланғандай, Қазақстандағы Microsoft бас директоры және ТМД аймағындағы Microsoft кеӊсесініӊ басшысы Рональд Бинкофски және Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев өзара әрекеттесу және ынтымақтасу жөнінде меморандумға қол қойды.

2020 жылға дейін әрекет ететін аталмыш меморандум тараптарға Қазақстанда білім беру бағдарламалары мен бастамаларын дамыту саласында өзара әрекеттестікті құрылымдауға мүмкіндік береді.

Меморандумға сәйкес ынтымақтастық аясында қала мен ауыл арасындағы теӊсіздікті еӊсеруге арналған ірі білім беру жобаларын жүзеге асыру, заманауи педагогикалық әдістемелерді дамыту, оқыту үрдісін тиімді ету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіру көзделіп отыр.

Microsoft өз тарапынан Smart cities бойынша, сондай-ақ, технологиялар мен ұлттық контентті біріктіру арқылы шағын жинақталған мектептердегі оқу сапасын көтеретін шешімдерді ұсынуға әзір. Сондай-ақ, меморандумға сәйкес Microsoft азаматтар мен кәсіпкерлерге зияткерлік меншік туралы заӊнама ережелерін түсіндіретін қоғамдық науқандарға атсалысатын болады. Microsoft компаниясы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру үрдісіне ендіру жөнінде мұғалімер мен педагогтардыӊ салалалық бірлестіктерімен ынтымақтаса жұмыс жасауға дайын.

Бүгін қол қойылған меморандум ынтымақтасу туралы заӊдастырылған мәмілені келешекте жасасуға мүмкіндік ашып отыр.

Microsoft компаниясы туралы

1975 жылы негізі қаланған Microsoft корпорациясы бағдарламалық жабдықтаманы өндіру, сондай-ақ, адамдарға өз әлеуетін жүзеге асыруға көмектесетін қызметтер мен шешімдерді ұсыну саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады.

Microsoft корпорациясы бүкіл әлемдегі корпоративтік және жеке қолданушыларға өз жұмысы мен үйінде жаӊа мүмкіндіктерге қол жеткізуге жағдай жасайтын құрылғылар мен қызметтердіӊ кеӊ түрлерін әзірлеп шығарады. Корпорацияныӊ шығаратын құрылғылары мен қызметтері арасында үстелдік және желілік операциялық жүйелер, клиент-серверлік орталарға арналған серверлік қосымшалар, қолданушыларға арналған үстелдік бизнес және кеӊсе қосымшалары, интерактивтік бағдарламалар мен ойындар, интернет желісінде жұмыс жасауға арналған құрылғылар мен бағдарлама жасап шығаруға арналған құралдар бар. Сондай-ақ, Microsoft интерактивтік (online) қызметтерді ұсынумен, компьютер тақырыбымен байланысты кітаптарды шығарумен, компьютерлерге арналған перифериялық жабдықты өндірумен, зерттеу қызметімен және жаӊа компьютерлік технологияларды жасап шығаруымен айналысады. Илемніӊ 80-нен аса елінде сатылатын Microsoft өнімдері 45-тен аса тілге аударылған және де дербес компьютерлердіӊ көпшілігімен үйлесе жұмыс жасай алады.

Microsoft компаниясы және оныӊ өнімдері туралы қосымша ақпаратты келесі сайттардан табуға болады:

http://www.microsoft.com/ru-kzжәнеhttp://www.microsoft.com

MicrosoftАҚШ-да және басқа елдерде Microsoft корпорациясыныӊ қорғалған тауар белгісі болып табылады. Осы құжатта аталған басқа өнімдер мен компаниялардыӊ атаулары сәйкесінше иелердіӊ тауар белгісі болып табылуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны