12.07.2007, 16:36 3021

Қызылорда облысында қарақурай плантациясы жойылды

АСТАНА. 12-шілде. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында 7 мың түп қарақурай өсіріліп келген плантация жойылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті облыстық ІІД бірлесіп өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында облыстың Қармақшы және Қазалы аудандарының тоғысындағы "Бердіқұл" артезиан ұңғысының аумағында егілген көкнәрдің 7014 түбін анықтады".

"Алдын ала есеп бойынша, көкнәрдің пісу кезіндегі жалпы салмағы 2 500-ден 3 000 килограмға дейін жетеді", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Табылған есірткілік өсімдіктер сол жерде Қармақшы ауданы прокуроры көмекшісінің, жедел-тергеу тобы мүшелерінің және айғақ адамдардың қатысуымен өртелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны