22.10.2007, 18:51 3424

Қызылорда облысында қылмыс саны азайған - Ішкі істер департаменті

Қызылорда облысында қылмыс саны азайған - Ішкі істер департаменті

Қызылорда. 22-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Облыста 2007 жылдың 9 айында тіркелген қылмыстардың саны өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 7,7 пайызға азайған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінің бастығы Асқар Исағалиев хабарлады.

Тіркелген қылмыстардың жалпы саны 2066-дан 1907-ге дейін, соның ішінде ауыр қылмыстар 7,4 пайызға (323-тен 299-ға дейін) және өте ауыр қылмыстар 6,3 пайызға (32-ден 30-ға дейін) төмендеген. Сондай-ақ Арал өңірінің жолдарындағы көлік апаттарының саны 14,3 пайызға азайған.

"Қылмыстың ашылуы 4,7 пайзға өскен,- деп атап көрсетті Асқар Исағалиев. - Бұл көрсеткіш бойынша Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті республикада аумақтық ішкі істер органдарының арасында үшінші орында".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны