26.04.2010, 15:27 11695

Қызылорда облысында Қызыл кітапқа енгізілген екі жайран атылды

Қызылорда облысында Қызыл кітапқа енгізілген екі жайран атылды

Қызылорда. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында Қызыл кітапқа енгізілген екі жайран атылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазалы ауданының орталығы - Қазалы кентінің аумағында құрып бара жатқан жануар - жайранды заңсыз атып алды деген күдікпен Байқоңыр тұрғыны ұсталды.

ІІД мәліметінше, Байқоңыр қаласының тұрғыны айдаған "Ауди" көлігінен тәртіп сақшылары қос оқпанды мылтық пен оның 12 оғын және Қызыл кітапқа енгізілген екі жайранның өлімтігін тауып тәркіледі.

Өз кезегінде ІІД-нің табиғат қорғау және мал дәрігерлік полициясы бөлімінің бастығы Бағдат Қаратаевтың айтуынша, қазір сараптама жұмыстары жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 290-шы (жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер) және 288-ші (заңсыз аң аулау) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалады.

Орман және аң шаруашылығы жөніндегі аумақтық инспекция төрағасының орынбасары Данабек Арыновтың бағалауынша, қазір "Қызылорда облысында дала жайрандарының саны шамамен 2000 басты құрайды. Олар әдетте құмда, Өзбекстанмен арадағы шекарда кездеседі".

ІІД мәліметінше, "бір жайранды атып алу үшін салынатын айыппұл көлемі 400 айлық есептік көрсеткішке тең" (1 АЕК - 1413 теңге).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны