23.04.2010, 14:02 5453

Қызылорда облысында Қызыл кітапқа енгізілген қаяз балықты заңсыз аулаудың кезекті бір оқиғасы анықталды

Қызылорда облысында Қызыл кітапқа енгізілген қаяз балықты заңсыз аулаудың кезекті бір оқиғасы анықталды

Қызылорда. 23 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысының Сырдария ауданында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген қаяз балықты заңсыз аулаудың кезекті бір оқиғасы анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сырдария ауданында "Уылдырық-2010" операциясы барысында жергілікті тұрғын қолға түсті, одан заңсыз ауланған үш дана қаяз балығы тәркіленді. Олардың жалпы салмағы 6 килограмм шамасында болып шықты", - дейді баспасөз қызметінің маманы Жалғас Тоқсанбаев.

"Құрып кетудің аз-ақ алдында қалған қаяз балық Сырдарияда қазір өте сирек кездеседі", - деді ІІД-нің табиғат қорғау және мал дәрігерлік полициясы бөлімінің бастығы Бағдат Қаратаев. Полиция майорының айтуынша "браконьерлік балық аулау әрекеті үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 287-ші (су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз аулау, алу) және 290-шы (жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер) баптары бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде. Олар бойынша 2-5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.

ІІД мәліметінше, қаяз балықтың бір килограммын заңсыз аулау үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны