21.12.2009, 18:32 6804

Қызылорда облысында Қызыл кітаптағы мұртты балықты заңсыз аулау оқиғасы анықталды

Қызылорда облысында Қызыл кітаптағы мұртты балықты заңсыз аулау оқиғасы анықталды

Қызылорда. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында Қызыл кітаптағы мұртты балықты заңсыз аулау оқиғасы анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Дүйсенованың хабарлауынша, "кезекті рейд барысында тәртіп сақшылары Сырдария ауданындағы "Шіркейлі" каналының маңында екі балықшыны ұстады, олардан Қазақстанда Қызыл кітапқа енгізілген екі мұртты балық табылды".

"Жергілікті тұрғандар "телевизор" деп аталатын арнаулы браконьерлік құрылғымен балық аулап жүрген, ал оны пайдалануға қатаң тыйым салынған", - деді ІІД табиғат қорғау полициясының инспекторы Ержан Зікіров. Оның айтуынша, "бұл қолдан жасалған құрылғы, егер оған үлкен балық іліксе, судың астына балықшының өзін де алып кетуі мүмкін".

Ұсталғандардан осындай құрылғы мен ауланған балық тәркіленді.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-ші (су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз аулау, алу) және 290-шы (жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер) баптары бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

Балықшылардың өздері мұртты балықтың Қызыл кітаптағы балық екенін білмедік деп жауап беріп отыр. "Алайда, бұл оларды жауапкершіліктен құтқармайды", -деп хабарлайды департаменттегілер. Мұртты балықтың әрбір килограммы үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

"Бұл мұртты балықты аулап алуға қатысты жыл басынан бергі алтыншы дерек. Аралдың бекіресі секілді мұртты балық та біздің өңірдің атағын шығарған, бұрын Аралда көп кездескен балық", - дейді Г. Дүйсенова. Оның айтуынша, құрып кету қаупі төнген мұртты балық қазір Сырдарияда өте сирек ұшырасады. Осынау аса құнды балық Қазақстанда Қызыл кітапқа енгізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны