14.11.2007, 13:08 1515

Қызылорда облысында қоғамдық орындардағы қылмыстар саны 10 ай ішінде 19 пайызға өскен

Қызылорда облысында қоғамдық орындардағы қылмыстар саны 10 ай ішінде 19 пайызға өскен.

Қызылорда. 14-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында қоғамдық орындардағы қылмыстар саны 10 ай ішінде 19 пайызға өскен. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстың Ішкі істер департаментінен хабарлады.

"Үстіміздегі жылдың 10 айында қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19 пайызға өскен (209 қылмыстан 249-ға дейін). Көше қылмыстарының саны, атап айтқанда ресми тіркелген деректер саны да 176-дан 202-ге дейін, яғни 14 пайызға өскендігі байқалып отыр",- деп хабарлады Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Бағдат Ибжаппаров.

Оның айтуынша, заң бұзушылықтардың басым бөлігі тәуліктің түнгі уақыттарының үлесінде, себебі көптеген кафелер мен мейрамханалар осы кезде жұмыс істейді. Полицейлерді әсіресе спирттік ішімдік сататын дүкендердің жұмыс кестесі алаңдатып отыр, олар соңғы клиентке дейін сауда істейді.

"Осы жылы Қызылорданың адамдар көп жиналатын орнында полицияның алты стационарлық посты пайда болды, оған кез-келген уақытта көмекке жүгінуге болады",- деп түсіндірді Бағдат Ибжаппаров. Ол бүгінде патрульдік нарядтың бүкіл қаланы қамти алмай отырғандығын жасырмады.

Ішкі істер департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасындағылар, облыс әкімшілігінің қолдауымен 2008 жылы қызмет штаты 200 бірлікке өседі, деген үмітте. Сонымен қатар патрульдік полицейлерден басқа учаскелік полицейлер, кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар мен мектеп полицейлерінің саны де өспек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны