18.05.2018, 13:29 8255

"Қызылорда облысында қуаты 50 МВт Байқоӊыр күн электр станциясын салу" жобасын қолдау және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Астанада Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы таныстырылды

Астана. 18 мамыр Kazakhstan Today - 2018 жылғы 17 мамырда Global Challenges SummitXI Астана Экономикалық Форумы алаӊында ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев, ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев, Қазақстанныӊ экологиялық ұйымдары қауымдастығы президиумыныӊ төрайымы И. Назарбаева, Жасыл өсім жаһандық институтыныӊ төрағасы Пан Ги Мун және тағы басқалардыӊ қатысуымен "Жасыл экономика: тұрақты дамудыӊ жаӊа моделі" панельдік отырысы өтті.

Отырыс барысында Мемлекет басшысы Н.И. Назарбаевтыӊ бастамашылығымен құрылған Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы іске қосылды және оныӊ қызметі таныстырылды. Орталық ЭКСПО-2017 мұрасыныӊ идеологиялық жалғасы болады.

Орталықтыӊ негізгі функциясы - "жасыл" мәдениетті қалыптастыру және алдымен Қазақстанда содан соӊ Орталық-Азия өӊірі елдерінде жасыл технологияларды дамыту арқылы экологиялық проблемаларды шешу. Орталық энергетикалық секторды трансформациялау, "жасыл" бизнеске көшу, трансферт және жасыл технологиялар мен үздік тәжірибелерді бейімдеу міндеттерін атқаруға арналған.

"Жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасын іске асыру жылдарында ресурстарды үнемдейтін, таза технологияларды пайдалану қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті 94 пайызға және ауылдық жерлерде 57 пайызға жақсартуға мүмкіндік береді; ауыл шаруашылығындағы еӊбек өнімділігі екі есе өседі; қазіргі заманға лайықты энергия үнемдеу жүйесініӊ негізі құрылады; ағымдағы жылдыӊ соӊына қарай жаӊартылатын энергия көздерініӊ қуаты шамамен 460 МВт болады деп күтілуде; қолданыстағы көмір электр станцияларында заманауи күлді өӊдеу құрылғыларын енгізу жұмыстары жалғасады; қалдықтарды өӊдеу және қайта өӊдеу 31пайызға жетті.

ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық - Қазақстан үшін стратегиялық басымдықтарыныӊ бірі. Халықаралық шарттарға және құқықтық құралдарға қосылу Қазақстанға белгілі міндеттемелер жүктейді. Осы мақсатта экологиялық заӊнаманы жетілдіру бойынша жұмыс басталды. Ол ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттер қағидаттарыныӊ негізінде жасалатын болады: қоршаған ортаға әсерді бағалаудыӊ қолданыстағы жүйесі қайта қарастыралатын болады, үздік қолжетімді технологияларды пайдалану негізінде эмиссияларды төмендетуге табиғат пайдаланушыларды ынталандыру бойынша механизмдерді енгізу, шығарындыларды нормалау қағидаттары жетілдіріледі.

Париж келісімі шеӊберінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу парниктік газдардыӊ шығарындыларыныӊ көлемін азайтумен қатар жаӊартылатын энергия көздерін дамытуды көздейді. Осы мақсатта қазақстандық заӊнамаға және ЖЭК-ті дамыту үшін оны жетілдіру мүмкіндіктеріне талдау жасалды, Қазақстанныӊ Күн ресурстары атласы әзірленді және пайдалануға берілді.

2018 жылғы 23 мамырда ЖЭК-ті салу бойынша жобаларды іріктеудіӊ бірінші аукциондық саудасы өтеді. Аукциондардыӊ екі сессиясы ішінде (көктемдегі және күздегі) қуаты 1 ГВт ЖЭК ұсынылатын болады. Аукционныӊ жеӊімпаздары ЖЭК-тіӊ бірыӊғай сатып алушысы - қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алуға 15-жылдық кепілді офф-тейк келісімшартқа қол қою мүмкіндігіне ие болады.

Қазақстан халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастыққа үлкен мән беретіндігін ерекше атап өткен маӊызды. Дүниежүзілік банкпен, Еуропа қайта құру және даму банкімен, Азия Даму банкімен жұмыс жүргізілуде. Бүгін қол қою жоспарланған "Қызылорда облысында қуаты 50 МВт Байқоӊыр күн электр станциясын салу" жобасын қолдау және ынтымақтастық туралы келісімге және ҚР Энергетика министрлігі, Астана қаласыныӊ әкімдігі, "Шелл Казахстан Б.В." компаниясы және "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДБҰ арасындағы меморандум тараптардыӊ жасыл экономиканы дамытуға ұстанымдарын көрсетеді.

ҚР Энергетика министрлігініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны