17.10.2007, 16:36 3008

Қызылорда облысында патогенді микробтары бар 15 тонна балық табылды - бас прокуратура

Қызылорда облысында патогенді микробтары бар 15 тонна балық табылды.

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін". - Прокуратура органдары Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, Мемлекеттік стандарт және фармацевтикалық бақылау органдарымен бірлесіп шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асырып жатқан дәрі-дәрмек заттарының, азық-түлік пен балалар ойыншықтарының сапасы мен қауіпсіздігіне бағытталған заңдылықтардың қолдануына тексеру жүргізу нәтижесінде Қызылорда облысында 15 тонна мөлшеріндегі балықтан санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижесінде патогендік микробтар (стафилококк) анықталды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

Мысалы, Қызылорда облысының Арал ауданындағы "Камбала балық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тексеру кезінде тоңазытқыштың ішіндегі 15 тонна мөлшеріндегі балықтан санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижесінде патогендік микроб - стафилококк анықталды.

Сонымен бірге өсімдіктерден және жануарлардан алынған өнімдер айналымының саласында да көптеген заң бұзушылықтар анықталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны