08.01.2018, 14:17 4415

Қызылорда облысында террористік тұрғыдан осал қорғалған 10 нысанныӊ басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Тексеру нәтижелері көрсеткендей, террористік тұрғыдан осал объектілерде инженерлік-техникалық қадағалау, бейнебақылау жүйесі мен дабыл қондырғылары, сондай-ақ, мамандандырылған күзет қызметі болмаған.

Қызылорда. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында террористік тұрғыдан осал қорғалған 10 нысанныӊ басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қызылордалық полицейлер адамдар көп шоғырланатын орындарды тексеріп, терроризмге қарсы қорғалуы заӊ талаптарына сай емес нысандарды анықтауда.

2017 көлемінде жүргізілген тексеру жұмыстары нәтижесінде террористік тұрғыдан осал 10 нысанныӊ басшысы ҚР Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексініӊ 149-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзiне сенiп тапсырылған объектiнiӊ терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiӊ тиiстi деӊгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оныӊ ішінде 1 қоғамдық тамақтану орны, 1 спорт нысаны, 1 өндіріс нысаны, 2 су шаруашылығы мекемесі, 2 сауда орны, 3 мекеме басшылығына сот орындарыныӊ шешіміне сәйкес 8 миллионға жуық айыппұл салынды.

Тексеру нәтижелері көрсеткендей, террористік тұрғыдан осал объектілерде инженерлік-техникалық қадағалау, бейнебақылау жүйесі мен дабыл қондырғылары, сондай-ақ, мамандандырылған күзет қызметі болмаған.

Айта кетерлік жайт, Қызылорда облысыныӊ Ішкі істер департаменті Қазақстан Республикасыныӊ 23.04.2014 жылғы "Ішкі істер органдары туралы" Заӊына және 13.07.1999 жылғы "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Заӊына сәйкес облыс аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерді тұрақты түрде тексеру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны