13.07.2017, 15:39 4891

Қызылорда облысында төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті

Қызылорда облысыныӊ әкімдігіндегі ситуациялық орталықта облыс әкімі Қ.Көшербаевтыӊ төрағалығымен төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Онда негізінен көктемгі су тасқынын болдырмау мен кене қаупіне қарсы атқарылған жұмыстар қорытындысы талқыланды.

Қызылорда. 13 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ әкімдігіндегі ситуациялық орталықта облыс әкімі Қ.Көшербаевтыӊ төрағалығымен төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Онда негізінен көктемгі су тасқынын болдырмау мен кене қаупіне қарсы атқарылған жұмыстар қорытындысы талқыланды.

Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасыныӊ басшысы Серік Сермағамбетовтіӊ айтуынша көктемге судыӊ мол түсуінен Шардара мен Көксарай су қоймалары толып, дария арнасына секундына 1500 текше метр су тасталды. Дер кезінде қабылданған шаралар мен жүйелі жұмыстыӊ арқасында облыс тұрғындары қауіптен аман қалды.

Барлық аудандар мен Қызылорда қаласында жедел штабтар құрылды. Дария арнасын шіреген су Жаӊақорған және Шиелі ауданы аумағындағы шаруашылықаралық каналдарға жіберілді. Бөгеттердіӊ осал тұстары нығайтылды.

Отырыста биылғы 7 облыстағы су тасқынына байланысты елімізде "2017-2020 жылдарға арналған тасқын су қаупініӊ алдын алу мен жоюға арналған шаралар кешені" Жол картасы қабылданғаны атап өтілді.

Облыста құрылған жұмыс тобыныӊ аймақтағы су шаруашылығы нысандарына жүргізген зерттеуі нәтижесінде жалпы ұзындығы 37 шақырым болатын қауіпті 39 участок анықталды. Алдын-ала жасалған есептер бойынша оларды нығайту үшін 500 млн. теӊгеден астам қаржы қажет. Су шаруашылығы ресурстары бұл мәселені жол картасына енгізді.

Сондай-ақ, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жаӊақорған аудандарында қорғаныс бөгеттерін салу жобасы да осы Жол картасына еніп отыр. Жалпы картада Қызылорда облысынан тиісті басқармалар мен "Қазсушар" РМК жергілікті филиалы әзірлеген құны 119 млрд теӊге болатын 155 жоба бар.

Облыс әкімі су тасқынына дайындық шеӊберінде аудандарда оқу-жаттығу шараларын көбірек өткізуді ұсынды. Тасқынныӊ алдын алу жұмыстарында материалдық-техникалық және қаржылық қор жеткілікті болуы ескерілгені жөн.

Кенеге қарсы жұмыстарды саралаған Серік Сермағамбетов биыл улы жәндіктіӊ қаупі байқалған 117 елдімекен анықталғанын айтты. Бұған қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жасалған зерттеуден кейін тағы 10 елдімекен қосылды. Осы жылғы 10 сәуір мен 10 маусым аралығын қамтыған шаралар аясында 425 325 бас сиыр мен ұсақ мал дәрілеуден өткізілді.

Комиссия отырысы қорытындысында облыс басшысы тиісті құрылым жетекшілері мен аудан әкімдеріне мәселеге орай бірқатар тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны