05.06.2017, 16:50 5794

Қызылорда облысында туризмді дамыту стратегиясы бойынша жұмыстар жалғасуда

Еуропалық Одақтыӊ "Қазақстанныӊ өӊірлік дамуы" бағдарламасы аясында ынтымақтастықтыӊ негізгі бағыттарыныӊ бірі Қызылорда облысыныӊ аумағында туризм индустриясыныӊ әлеуетін дамыту болып табылады. Еуроодақпен бірлесе отырып, облыста туризмді дамыту бойынша бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленді.

Қызылорда. 5 маусым. Kazakhstan Today - Еуропалық Одақтыӊ "Қазақстанныӊ өӊірлік дамуы" бағдарламасы аясында ынтымақтастықтыӊ негізгі бағыттарыныӊ бірі Қызылорда облысыныӊ аумағында туризм индустриясыныӊ әлеуетін дамыту болып табылады. Еуроодақпен бірлесе отырып, облыста туризмді дамыту бойынша бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленді.

Қызылорда облысы әкімдігініӊ ресми сайтында хабарлағандай, туристік сала қызметкерлері үшін әдістемелік көмек көрсету жүзеге асырылуда. Еуроодақ сарапшыларымен қызметкерлердіӊ әлеуетін арттыруға арналған бірқатар модульдік оқыту жүйесі әзірленді.

Сарапшылардыӊ әдістемелік оқыту жүйесі екі құрылымға бағытталған: Қызылорда облысында туризм саласын дамыту және туризм саласын дамыту үшін стратегия әзірлеу.

Жоба шеӊберінде шетелдік сарапшы Сони Энилова мен Филипп Джонсонныӊ қатысуымен 3 семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингтерге туризм индустриясыныӊ өкілдері, атап айтсақ, қала және аудан әкімдіктерініӊ туризм саласында жұмыс жасайтын қызметкерлері, оқу орындарыныӊ оқытушылары, гид - экскурсоводтар, туристік фирмалар мен туристік салаға қызығушылық танытқан өзге де мекемелердіӊ өкілдері қатысты.

Бұдан бөлек, жоба сарапшылары Соня Энилова мен Қалдыгүл Қанапина Басқармамен бірлесе отырып, Қызылорда облысында туризмді дамыту стратегиясы және фасилитаторларды дайындау мәселелері бойынша семинар-тренингін өткізді.

Қазіргі таӊда аймақта туризмді дамыту стратегиясы бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұдан бөлек, жақын арада облыстыӊ туристік саласын дамыту жөнінде тұрақты жұмыс тобы құрылу жоспарланып отыр, оныӊ құрамында мемлекетті және жеке сектор өкілдері болады.

Былтыр 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Астана қаласында "Астана Leisure-2016" 13-і Халықаралық туристік көрмесі өткізілді.

Көрмеде облыстыӊ туристік әлеуеті көрсетіліп, басқа өӊірлер және туроператорлармен іскерлік қатынастар орнатылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны