01.11.2016, 14:36 3317

Қызылорда облысында заӊсыз аӊ аулағандар құрықталды

Қазіргі таӊда аталған дерек бойынша ҚР ҚК-ніӊ 337-бабы, 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда. 1 қараша. Kazakhstan Today - Экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері мен "Охотзоопром" ӨБ РМҚК мамандарыныӊ бірлесіп жүргізген рейдтік шолу жұмыстары барысында заӊсыз аӊ аулағандар құрықталды, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, 2016 жылғы 30 қазанда Қармақшы ауданынан 200 шақырым қашықтықтағы "Жыланды қыр" деп аталатын далалық жерде "Тойота Ланд-Крузер" маркалы автокөлігі тоқтатылып, көліктіӊ ішінен 2 дана ақбөкен аӊыныӊ денесі мен 1 дана аӊшы мылтығы және 75 дана оқ анықталып, айғақзат ретінде алынған. Автокөліктіӊ ішінде 53 жастағы жүргізушісі мен 58 жастағы жолаушысы болған.

Қазіргі таӊда, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-ніӊ 337-бабы, 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер де сезікті азаматтардыӊ кінәлары толық дәлелденген жағдайда, оларға қатысты белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 2 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі мыӊ айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру шарасы қолданылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны