15.09.2017, 11:44 4375

Қызылорда облысында жалпы аумағы 1532 гектарды құрайтын жаӊа қала бөлігінде алғашқы нысандардыӊ құрылысы мамыр айында басталды

2016-2025 жылдар аралығында сол жағалауға қоныстанған халықтыӊ санын 51 мыӊ болады. Болашақта жаӊа қала тұрғындарыныӊ қатары 154 мыӊға жетеді деген жоспар бар.

Қызылорда. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында журналистер кеше сол жағалаудағы жаӊа қаланыӊ құрылысына атсалысты. Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ ұйымдастыруымен өткен шараға жиырмаға жуық қаламгер қатысты. Таӊмен таласа құрылыс алаӊына жеткен олар Қазақ атқару комитеті мұражайыныц кірпішін қалап, қабырғасын тұрғызды. Жаӊалық жаршылары осылайша жаӊа қала тарихына өз қолтаӊбаларын қалдырды.

Мұражай құрылысы шілде айында басталды, жыл соӊына дейін тәмамдалады деп күтілуде. Құрылыс мердігері - "Промстройсервис-Е" мекемесі. Жұмысшылар екі ауысыммен қызмет етуде. Ғимараттыӊ сырты климатқа төзімді сапалы кірпішпен қапталады. Мұрайжайға аймақтыӊ тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін құнды жәдігерлер қойылады. Сондай-ақ, мұнда "Рухани жаӊғыру" орталығы жұмыс істейді.

Сол жағалаудағы алғашқы нысандардыӊ құрылысы мамыр айында басталды. Жалпы аумағы 1532 гектарды құрайтын жаӊа қалада 11 мөлтек аудан 1 индустриялық аймақ және 3 ірі парк пен бульвар болады.

"2016-2025 жылдар аралығында сол жағалауға қоныстанған халықтыӊ санын 51 мыӊ болады. Болашақта жаӊа қала тұрғындарыныӊ қатары 154 мыӊға жетеді деген жоспар бар. Қазіргі таӊда, онда 5 қабатты 18 тұрғын үй, 320 орындық балабақша, "Жастар орталығы", "Болашақ" университеті кампусыныӊ құрылыстары жүргізілуде", - деді құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысыныӊ орынбасары Сұлтанбай Қонарбаев.

Қазіргі кезде сол жағалауда инфрақұрылымдық желілер жүргізілуде. Тамыз айында электрмен жабдықтау жұмыстары басталса, жуық арада газбен қамту, 5 шақырымдық магистральдық жол құрылысы да жүреді. Ал, жыл соӊына дейін ауыз және кәріз су жүйелерін жеткізу басталады.

Келер жылы жаӊа қалада ауысымына 100 келушііні қабылдайтын емханасы бар 300 орындық аурухананыӊ құрылысы басталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны