30.06.2017, 15:48 9722

Қызылорда облысында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі беріліп жатыр

2017 жылы жалпы облыс бойынша 8139 жер телімін табыстау жоспарлануда (жалпы кезекте тұрған өтініштердіӊ 10 %), оныӊ ішінде Қызылорда қаласы бойынша - 4491, ал аудандарда - 3648 учаске.

Қызылорда. 30 маусым. Kazakhstan Today - Облыс бойынша алғашқы тоқсанда жеке тұрғын үй құрылысы үшін 494 жер учаскесі табысталды.

Өткен жылы Қызылорда-Жезқазған күре жолы бойынан ашылған "Бәйтерек" ауданында жеке тұрғын үй құрылысы үшін 5215 учаске қаралған, қазіргі таӊда кезекте тұрған 4507 азаматтардыӊ құжаттары алынып, барлығына оӊ қорытынды қабылданды, оныӊ ішінде 2745 учаске табысталды. "Бәйтерек" тұрғын ауданынан жерлерді табыстау 2017 жылы толық аяқтау жоспарлануда (2470 учаске).

- Жалпы жеке тұрғын үй құрылысы үшін облыс бойынша 2005 жылдан бері халықтан 110526 арыз түскен, оныӊ 25958-і қанағаттандырылған. Бүгінгі күнге 83049 өтінім заӊдылықтарға сәйкес арнайы есепке қойылып отыр. Арнайы есепке алынған өтінімдер тізімі жариялылықты, халықтыӊ қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудандар (қала) әкімдерініӊ веб-сайттарында орналастырылған. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін арнайы кезекке қойылған арыздардыӊ басым бөлігі облыс орталығына тиесілі - 53203 арыз. Жалпы 2005 жылдан бері Қызылорда қаласы бойынша тіркелген арыздардыӊ саны 68808 құрайды, оныӊ 15605 қанағаттандырылды, - дейді облыстық жер қатынастары басқармасыныӊ басшысы Ш.Қойшыбаев.

2017 жылы жалпы облыс бойынша 8139 жер телімін табыстау жоспарлануда (жалпы кезекте тұрған өтініштердіӊ 10 %), оныӊ ішінде Қызылорда қаласы бойынша - 4491, ал аудандарда - 3648 учаске.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны