14.07.2017, 18:37 6312

Қызылорда облысында жобалық басқару белсенді енгізілуде

Қызылорда облысында жобалық басқару белсенді енгізілуде. Жобалық басқарудыӊ озық тәжірибесі Ресей Федерациясыныӊ Белгород облысынан алынып отыр.

Қызылорда. 14 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында жобалық басқару белсенді енгізілуде. Жобалық басқарудыӊ озық тәжірибесі Ресей Федерациясыныӊ Белгород облысынан алынып отыр.

"Биылдан бастап, Ресей Федерациясыныӊ Белгород облысыныӊ тәжірибесін қолдана отырып жаӊа мемлекеттік басқару моделі ретінде "Жобалық басқаруды" енгізу бойынша белсенді жұмыс бастап кеттік. Осы ретте, біз үздіктер қатарына кіру үшін алдымызға айтарлықтай өр мақсат қойып, "Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту жобасын басқару" жобасымен ТМД елдерініӊ "Проектный Олимп" байқауына қатысуға өтінім ұсындық",-деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихаттыӊ бірінші жартыжылдықтыӊ қорытындысына арналған сессиясында сөйлеген сөзінде.

Мемлекеттік сектордағы жобалық қызметті кәсіби түрде басқару бойынша "Жобалық Олимп" халықаралық конкурсы Ресей Федерациясыныӊ Үкіметі жанындағы талдау орталығында өткізіледі. Конкурстыӊ мақсаты - мемлекеттік сектордағы жобалық басқару құралдарын кеӊінен қолдану, экономиканы дамытуда әсері бар мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік корпорациялар мен компаниялардыӊ тиімділігін арттыру. Айта кетейік, конкурс барысында нақты жоба немесе бағдарлама емес, мекемелердегі жобаларды басқару жүйесініӊ тиімділігі бағаланады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны