04.05.2012, 11:17 3499

Қызылорда облысындағы Күкірт қышқылы зауыты табысты жұмыс істеп келеді

Бұл жоба Қазақстанның уран өнеркәсібін жер асты шаймалау әдісімен уран өндіру технологиясындағы ең басты реагент болып табылатын күкірт қышқылымен қамтамасыз ететін болады. Ол Хорасан-1, Хорасан-2 Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын кен орындары негізіндегі жерасты ұңғымалы шаймалау кеніштерін күкірт қышқылымен қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда зауытта 200-дей жұмыс орны құрылған.

Астана. 4-мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысындағы Күкірт қышқылы зауыты табысты жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қызылорда облысындағы күкірт қышқылы зауыты Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының өңірдегі ең табысты жобасы болып табылады.

Бұл жоба Қазақстанның уран өнеркәсібін жер асты шаймалау әдісімен уран өндіру технологиясындағы ең басты реагент болып табылатын күкірт қышқылымен қамтамасыз ететін болады. Ол Хорасан-1, Хорасан-2 Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын кен орындары негізіндегі жерасты ұңғымалы шаймалау кеніштерін күкірт қышқылымен қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда зауытта 200-дей жұмыс орны құрылған.

Зауыт жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын шығаратын өндірістік қуатқа ие. Жобаның жалпы құны 216 млн АҚШ долларын құрайды.

Зауытта өнім өндірудің энергия үнемдеуші әдістері қолданылады. Соның нәтижесінде технологиялық үдеріс кәсіпорынды өз электр энергиясымен қамтамасыз етіп ғана қоймастан, өзінен артылдырып, жергілікті аудандық электр желілеріне де ток жеткізіп беретін болады. Болжам бойынша зауыт 18 Мвт электр энергиясын өндірмек.

Жаңа кәсіпорында күкірт қышқылы қазіргі заманғы ең озық және тиімді саналатын технология негізінде өндіріледі: шикізаттың мақсатты өнімге айналуы 99,9 %-ға тең. Сонымен қатар бұл технология экологиялық тұрғыдан таза, қоршаған ортаға қауіпсіз.

Жобаны "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы өзінің еншілес кәсіпорны "Тау-кен компаниясы" ЖШС, Жапонның "SAP-Japan Corporation" және Канаданың "Uranium One" компаниялары қатысуымен іске асырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны