07.11.2017, 19:09 4130

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қазалы ауданында 10 адамға инфрақұрылымы толық жеткізілген жер телімдерініӊ құжаттарын табыстады

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев кезекте тұрған алғашқы 10 адамға инфрақұрылымы толық жеткізілген жер телімдерініӊ құжаттарын табыстады.

Қызылорда. 7 қараша. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев кезекте тұрған алғашқы 10 адамға инфрақұрылымы толық жеткізілген жер телімдерініӊ құжаттарын табыстады.

Аудан орталығы - Ийтеке би кенті мен Қазалы қаласыныӊ маӊында жаӊа тұрғын аудан бой түзеп, 3 мыӊнан астам жеке тұрғын үй салынбақ. Аймақ басшысы жер телімдерін алушыларды құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

"Бүгінде аудан орталығыныӊ өзінде 6 мыӊға жуық адам жер кезегінде тұр. Жасыратыны жоқ, соӊғы жылдары жеке тұрғын үй салуға жер телімдерін беру тоқтатылды. Оныӊ объективті себептері болды. Яғни, Қазақстан Республикасыныӊ Жер Кодексіне сәйкес жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін әуелі су, жол, электр желісін жеткізу қажет. Бұл жұмыстар жолға қойылып, үш мыӊнан астам аудан тұрғындарына жер телімі берілмек. 2018-2019 жж. Қалған жер телімдерініӊ құжаттары әзірленіп, иелеріне табысталады. Болашақта қала мен кенттіӊ қосылуы нәтижесінде бұл орын үлкен орталыққа айналатын болады", - деді облыс әкімі.

Аудан тұрғыны Мейрамгүл Төлегенніӊ айтуынша, жер телімін алу үшін 2012 жылы кезекке тұрған. "Жерімізді көрдік, өте жақсы, болашақ көршілерімізбен танысып жатырмыз. Елбасымыз бен облыс және аудан басшылығына үлкен алғысымызды білдіреміз", - дейді ол.

Атап өту керек, мыӊға жуық жер телімін Қазалы қаласыныӊ тұрғындары алса, қалғандары аудан орталығыныӊ тұрғындарына берілетін болады.

Естеріӊізге салайық, өткен жылы Қызылорда қаласында 6600, ал Қармақшы ауданыныӊ орталығы Жосалы кентінде 1400 жер телімініӊ құжаттамасы әзірленіп, "Бәйтерек" және "Тәуелсіздік" шағын аудандары бой көтерген болатын. Болашақта жеке тұрғын үйлер Қызылорданыӊ жаӊа бөлігі - Сырдарияныӊ сол жағалауында да салынатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны