17.05.2017, 14:23 4642

Қызылорда облысыныӊ әкімі мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесіп, шығармашылық өкілдерін алда келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады

Қызылорда. 17 мамыр. Kazakhstan Today - 16 мамыр күні Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесіп, шығармашылық өкілдерін алда келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады

-Жаһандық дамуда өз үлесіИмізді ала отырып, өткен тарихы-мыз бен дәстүрлеріміздіӊ асыл құнИдылықтарын қайта жаӊИғыртып, ұлттық бірегейліИгімізді сақтап қалу - Елбасыныӊ көреген шешімі. Осы орайда, Ұлт Көшбасшысы ауқымы кеӊейіп, "ТуИған елге" ұласатын "Туған жер" бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Бабалардан қалған "Туған жерге туыӊ тік" деген асыл сөз бар. Осы ретте, әрбір қазақ, іскер азаматтар, ғалымдар мен өнер қайраткерлері туған топыраққа қызмет етіп жатса, келер ұрпақ үшін тағылымды өнеге жолы ғана емес, әрбір азаматтыӊ перзенттік парызы екені анық. Бұл ретте, қалыӊ қазақтыӊ қаймағы бұзылмаған мекені, барша түркі мәдениетініӊ алтын көмбесі - Сыр өӊірі өзгелерге үлгі, эталон болуы тиіс,-деді облыс әкімі.

Атап өтетін жайт, Сыр елініӊ мәдениет саласында ауыз толтырып айтарлық жетістіктер жетерлік. Саланы қаржыландыру көлемі жыл сайын ұлғаюда. Сәйкесінше, жаӊадан ашылған мәдени нысандар саны да артып келеді.

Мәселен, 2013-2016 жылдары аймақта 23 типтік клуб, 4 музей және кітапханалар ашылып, 62 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыстық тарихи-өлкетану музейі толықтай қайта қалпына келтіріліп, жаӊа залдар жабдықталды.

Облыс әкімі сала қызметкерлерін марапаттады: 2 адамға Қызылорда облысыныӊ Құрмет Грамотасы,10 адамға алғыс хаттар, сондай-ақ, 2 адамға ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ "Мәдениет саласыныӊ үздігі" төсбелгілері және 3 адамға Құрмет Грамоталары табыс етілді.

Сондай-ақ, Тұрмағамбет атындағы ұлт-аспаптар оркестрініӊ бас дирижері Кеулімжай Ботабаев, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген өнер қайраткері, суретші әрі ақын Қайырбай Зәкіров, Бұқарбай батыр ауылындағы кітапхананыӊ кітапханашысы Шара Қазиева, жыршы Шолпан Бимбетова және т.б шығармашылық өкілдері әріптестерін төл мерекелерімен құттықтады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны