12.05.2008, 18:00 3226

Қызылорда облысының әкімі мен жаңа мәдениет және ақпарат министрі тағайындалды

Қызылорда облысының әкімі мен жаңа мәдениет және ақпарат министрі тағайындалды

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Болатбек Қуандықов Қызылорда облысының әкімі, Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "мемлекет басшысының жарлығымен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, ол Қызылорда облысының әкімі, Қазақстан Республикасы президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды".

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрі қызметінен босатылды",- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, "мемлекет басшысының жарлығымен Болатбек Баянұлы Қуандықов Қызылорда облысының әкімі, Қазақстан Республикасы президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалды.

М. Кұл-Мұхаммед түрлі жылдарда парламент депутаты, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі, мемлекет басшысының баспасөз хатшысы және кеңесшісі, президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды.

Қызылорда облысының жаңа әкімі болып Болатбек Қуандықов тағайындалды, ол бұған дейін Ұлттық банкте, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі салалық органдардың шығынын жоспарлау департаментінің директоры, төтенше жағдайлар вице-министрі, президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр бөлімінің мемлекеттік инспекторы болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны