19.06.2017, 11:36 4791

Қызылорда облысыныӊ әкімі облыстық сот төрағасын таныстырды

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев актив отырысында Қазақстан Республикасы Президентініӊ Жарлығымен Қызылорда облыстық сотыныӊ төрағасы болып тағайындылған Нұрышев Қамбар Жұмабайұлын таныстырды.

Қызылорда. 19 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев актив отырысында Қазақстан Республикасы Президентініӊ Жарлығымен Қызылорда облыстық сотыныӊ төрағасы болып тағайындылған Нұрышев Қамбар Жұмабайұлын таныстырды.

Ал 5 жылға жуық уақыт Қызылорда облыстық сотыныӊ төрағасы болған Қайырбеков Нұрлан Мұратұлы Елбасыныӊ Жарлығымен Шығыс Қазақстан облыстық сотыныӊ төрағасы қызметіне тағайындалды. Аймақ басшысы жемісті еӊбегі үшін Н.Қайырбековке ризашылығын білдіріп, Қызылорда облысыныӊ Құрмет грамотасын табыстады.

Қамбар Жұмабайұлы 1961 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Еӊбек жолын 1983 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қалалық сотында кеӊесші, аға кеӊесші болып бастаған.

Ұзақ жылдар сот органдарында түрлі жауапты қызметтерде болған. 2016 жылдан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотында судья қызметін атқарып келді.

Сонымен қатар, Елбасыныӊ аталған Жарлығымен Қызылорда облыстық сотыныӊ Азаматтық істер жөніндегі сот алқасыныӊ төрағасы болып Шиғамбаев Иділхади Жұмабайұлы тағайындалды. Иділхади Жұмабайұлы 1968 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ил-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.Өзініӊ еӊбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысыныӊ Агроөнеркәсіп кешенініӊ механикалық-көліктік станциясынан бастаған.

Кейіннен құқық қорғау және сот органдарында жауапты қызметтер атқарып, 2012 жылдан бастап Атырау облыстық сотыныӊ Азаматтық істер жөніндегі сот алқасыныӊ төрағасы болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны