30.05.2017, 18:41 4076

Қызылорда облысыныӊ әкімі Швеция және Финляндияныӊ Қазақстандағы елшілерімен кездесті

Бүгін Қызылорда облысына Швеция Корольдігініӊ ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Христиан Камилл және Финляндия Республикасыныӊ ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Илкка Райсанен жұмыс сапарымен келді.

Қызылорда. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Қызылорда облысына Швеция Корольдігініӊ ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Христиан Камилл және Финляндия Республикасыныӊ ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Илкка Райсанен жұмыс сапарымен келді. Елшілер аймақтағы бірқатар өндірістік нысандарды аралап, Қызылорда қаласыныӊ сол жақ жағалау құрылысы жобасымен танысып, аймақ басшысымен кездесті.

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қ.Көшербаевпен кездесу барысында өӊірдіӊ инвестициялық әлеуеті мен ынтымақтастықтыӊ перспективті бағыттары туралы әӊгіме болды. Қ.Көшербаев шетелдік инвесторларға ұсынылатын преференциялар мен жеӊілдіктер туралы айтып берді.

-Біз әрқашанда шетелдік инвесторлармен және қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық байланыс орнатуға ынталымыз. Инвестордыӊ қосқан үлесі нақты іс-қимылмен, атап айтқанда: өндіріс, еӊбекпен қамту және жұмысшыларды әлеуметтік қорғау шаралары арқылы бағаланады,-деп атап өтті облыс әкімі.

Сонымен қатар, осы күні елшілер инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жиынға қатысып, Қызылорданыӊ көрікті жерлерін аралады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны