13.07.2017, 15:41 6122

Қызылорда облысыныӊ әкімі Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерін құттықтады

Аймақ басшысы ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментініӊ 6 қызметкерін алғыс хатпен марапаттады. Мұнымен қоса, департамент ардагерлері мен қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ мерейтойлық медальдары және алғыс хаттарымен марапатталды

Қызылорда. 13 шілде. Kazakhstan Today - Салтанатты шарада Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерін комитеттіӊ құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтап, олардыӊ алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ел Тәуелсіздігініӊ алғашқы жылдарында құрылған арнаулы орган ширек ғасыр ішінде тұрақты жетіле отырып, даму мен қалыптасудыӊ сындарлы жолдарынан өтті. Комитет құрылымындағы барлық өзгерістер әлемдегі және елдегі ахуалмен тығыз байланысып қана қоймай, егемен еліміздіӊ мүддесін қорғау болды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ тұғыры берік болуы жолында бастарыӊызды бәйгеге тігіп атқарып жүрген адал қызметтеріӊіздіӊ алар орны ерекше. Бұл жолда батырлық та, батылдық та, тапқырлық та, айлалы ақыл да Сіздердіӊ бойларыӊыздан табыла білуі қажет,- деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоӊыр қаласы бойынша департамент бастығы, полковник Таӊат Жүнісов әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Аймақ басшысы ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментініӊ 6 қызметкерін алғыс хатпен марапаттады. Мұнымен қоса, департамент ардагерлері мен қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ мерейтойлық медальдары және алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны