14.04.2017, 20:23 6187

Қызылорда облысыныӊ "Бәйтерек" шағын ауданынан 6600-ге жуық жер беру жоспарлануда

Өткен жылы қызылордалықтарға 3690 жер учаскесі берілді. Бұл 2014-2015 жылдармен салыстырғанда 3 есеге артып отыр. Бұл туралы бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жер қатынастары басқармасыныӊ басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді.

Қызылорда. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Өткен жылы қызылордалықтарға 3690 жер учаскесі берілді. Бұл 2014-2015 жылдармен салыстырғанда 3 есеге артып отыр. Бұл туралы бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жер қатынастары басқармасыныӊ басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді.

ҚР жер заӊнамасына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне беру бас жоспарда аталған мақсаттарға қаралған бос аумақтар болған жағдайда және олар инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген кезде жүзеге асырылады. Бұл ретте кезектілік пен бөлінетін алаӊдардыӊ дайын болуы ескеріледі.

-Елбасы "Қазақстан халқына арнаған "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауында барлық әкімдерге жаппай тұрғын үй құрылысы үшін тиісті жер телімдерін бөлу жөнін тапсырма берген болатын. Облыс орталығыныӊ "Қызылорда-Жезқазған" трассасы бойынан ("Бәйтерек" шағын ауданы) жалпы көлемі 980 гектар аумақтан 2016 жылы 3140 азаматтыӊ өтініші қанағаттандырылып, жер берілді. Алдағы уақытта осы аумақтан 6600-ге жуық жер беру жоспарлануда, - дейді басқарма басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны