15.06.2017, 14:01 3586

Қызылорда облысыныӊ Қармақшы ауданында 300 орынды орта мектептіӊ іргетасы қаланды

Жалпы құны 789 млн. теӊгені құрайтын нысанныӊ құрылысына тапсырыс беруші облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.

Қызылорда. 15 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Қармақшы ауданында өткен жылы барлық инженерлік инфрақұрылымдары тартылып, пайдалануға берілген "Тәуелсіздік" мөлтек ауданында бүгін 300 орындық Ү.Томанов атындағы №183 орта мектептіӊ іргетасы қаланды.

Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі С.Мақашов білім саласына көрсетіліп жатқан қолдау мен аудандағы игі істер жөнінде айта келе, мектеп құрылысыныӊ жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар жиында аудандық ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы Қ.Есдәулетов пен ауданныӊ "Құрметті азаматы" О.Сариев жұртшылықты құттықтап, баталарын берді.

Жалпы құны 789 млн. теӊгені құрайтын нысанныӊ құрылысына тапсырыс беруші облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Бас мердігер "Аман Құрылыс" ЖСШ. Жоба бойынша 300 орындық ғимаратта оқу бөлмелері, мәжіліс залы, асхана, спорт залы, шеберханалар, зертханалар, медпункт, жабдықталған компьютер кластары, оқу залы бар кітапхана болады.

Ұзақ жылдар бойы уақыт талабына сай келмейтін ескі ғимаратта білім берудіӊ қиындығын бастан кешірген мұғалімдер мен оқушылар жаӊа мектеп есігін айқара ашар сәтті асыға күтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны