07.11.2017, 19:12 4297

Қызылорда облысыныӊ Қазалы ауданында жаӊа көпірдіӊ құрылысы басталды

Қызылорда облысы Қазалы ауданыныӊ "Илсейіт" участкесіндегі қалқымалы көпірдіӊ орнына жаӊа көпірдіӊ құрылысы басталды.

Қызылорда. 7 қараша. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Қазалы ауданыныӊ "Илсейіт" участкесіндегі қалқымалы көпірдіӊ орнына жаӊа көпірдіӊ құрылысы басталды.

Ұзақ жылдар бойы Арал, Қазалы аудандарыныӊ тұрғындары Сырдария өзенінен қалқымалы өткел арқылы немесе жүздеген шақырым айналма жолмен өтуге мәжбүр болатын. Биыл жаӊа көпірдіӊ құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, қазір "Илсейіт" учаскесінде құрылыс-монтаждық жұмыстар жүргізілуде.

Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев арнайы барып, аудан тұрғындарын көптен күткен осы қуаныштарымен құттықтады.

"Бүгінгі таӊда елді мекен тұрғындары үшін жол қатынасы, көпір мәселесі - еӊ үлкен өмірлік өзекті қажеттіліктердіӊ бірі. Аудан тұрғындарыныӊ 90 пайыздан астамы Сырдария өзенін жағалай қоныс тепкендіктен, көпірдіӊ маӊыздылығын айтып жатудыӊ өзі артық. Оныӊ үстіне осы өзен үстімен өтетін қалқымалы көпірдіӊ күйі арғы-бергі беттегі ағайынды бірдей алаӊдатып, көктемгі, күзгі сеӊ жүру кезеӊдерінде әбден әбіржітіп келді. Бұл мәселе кеӊес дәуірінен бері шешімін таппай келе жатыр. Міне, бүгінгі күн түйткілді мәселе шешіліп, Қазалы мен Арал аудандарыныӊ халқы көптен күткен көпір құрылысын бастағалы тұрмыз. Амандық болса, жаӊа көпір Қазалы ауданыныӊ 7 ауылы мен Арал ауданыныӊ 6 ауылындағы 14 мыӊнан астам тұрғынына қызмет ететін болады", - деді облыс әкімі.

Көпірдіӊ жалпы ұзындығы 220 метрге жуық, ені - 12 метр, оныӊ ішінде 2 жолақты автокөлік жолы мен жаяу жүргіншілерге арналған жол да қарастырылған. Көпір құрылысы 2019 жылы аяқталуы тиіс.

Сондай-ақ, облыс әкімі Жалаӊтөс батыр ауылындағы жаӊа 150 орындық клуб және жаӊартылған орталық алаӊды аралап, Қазалы қаласыныӊ 150 жылдығына орай жасалған Жастар мен Ардагерлер алаӊдарыныӊ абаттандыру жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, Қазалы аудандық балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебініӊ шәкірттерімен кездесті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны