26.05.2017, 16:16 5184

Қызылорда облысыныӊ мемлекеттік органдары "Аса қауіпті жұқпалы аурулардыӊ алдын алу жобасын" жүзеге асыруда

2016 жылы облыс көлемінде тіркелген сарып аурулары бойынша Жаӊақорған ауданы бірінші орында болған. Қалыптасқан жағдайды жақсарту және аудан тұрғындарыныӊ өмірі мен денсаулықтарыныӊ сақталуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп "Аса қауіпті жұқпалы аурулардыӊ алдын алу жобасы" әзірленіп, жүзеге асырылуда.

Қызылорда. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Жанакорған ауданыныӊ прокуроры Нұрболат Дүйсенбаевтыӊ хабарлауынша, ағымдағы жылдыӊ алғашқы күнінен қадағалау қызметі халықтыӊ пайдасына, мұӊ-мұқтажы мен игілігіне бағытталды.

Ауданда жылдар бойы қалыптасқан проблемалар мен түбегейлі шешімін таппаған мәселелерге аса көӊіл бөлінді.

Соныӊ бірі, "Қырым-Конго қанды безгегі" және "Сарып" немесе "Бруцеллез" ауруларыныӊ кеӊінен таралу мүмкіндігі назарға алынды.

Бұл аурулардыӊ зардабы мүгедектікпен қатар, адам өліміне әкеп соғуы мүмкін.

2016 жылы облыс көлемінде тіркелген сарып аурулары бойынша Жаӊақорған ауданы бірінші орында болған.

Қалыптасқан жағдайды жақсарту және аудан тұрғындарыныӊ өмірі мен денсаулықтарыныӊ сақталуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп "Аса қауіпті жұқпалы аурулардыӊ алдын алу жобасы" әзірленіп, жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күні залалсыздандыру жұмыстарыныӊ шынайылығы ерекше бақылауға алынып, қауіпті топтағы адамдар толық есепке алынды.

Азаматтардыӊ еӊбек құқықтарын қорғау мақсатында жұмысшы топ құрылып, апта сайын ұйымдарда кездесулер жүргізіліп, кеӊсе ғимараттарында прокуратураныӊ байланыс құралдары жөнінде ақпараттар ілінген.

Осындай шаралардыӊ нәтижесінде 120 жұмысшыныӊ 14 млн. теӊге айлық жалақылары төленіп, конституциялық құқықтары қорғалды.

Мысалы, "Түгіскен ТШ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 57 жұмысшыға 2016 жылдыӊ қыркүйек, қазан айларына 4,5 млн. теӊге жалақыдан қарыз болған. Прокуратураныӊ араласуынан кейін жұмысшылардыӊ жалақысы толығымен төленіп, жұмыс беруші әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Мүгедектердіӊ құқықтарыныӊ сақталу жағдайы да зерделеніп, нәтижесінде аудан әкімдігімен мүгедектер үшін жұмыс орындарына квотаны айқындау барысында еӊ төменгі пайызы белгіленіп, олардыӊ жұмысқа орналасу құқықтарыныӊ шектелуіне жол берілгені анықталды.

Қадағалау актісі негізінде тиісті нормативтік құқықтық акті қабылданып, заӊмен белгіленген тәртіпте мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота айқындалды.

Міндетті медициналық қарап тексеру заӊдылығы зерделеніп, нәтижесінде білім беру ұйымдарыныӊ қызметкерлеріне негізсіз талаптар қойылып, ақылы қызмет көрсету арқылы 2 млн. теӊгеге жуық қаржы заӊсыз алынғаны белгілі болды. Прокуратураныӊ араласуынан кейін қаржылар қайтарылды.

Диспансерлік есептегі созылмалы ауру түрлерімен ауыратын 12 науқасқа ай сайын берілуі тиіс дәрілік заттар соӊғы 3 айда берілмей, 545 адам скринингтік тексеруден өтпегені анықталып, қолданылған шаралардыӊ негізінде науқастарға дәрілер таратылып, тиісті тексерулерден өтті.

Кәсіпкерлердіӊ құқықтарын қорғау мақсатында Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасыныӊ Жаӊақорған аудандық филиалында орналасқан прокурор кабинетінде жеке кәсіпкер А.Калжанов қабылдауда болып, жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актісін алуына ықпалдасу жөнінде арызданып, қарау нәтижесімен жергілікті атқарушы органмен заӊсыздыққа жол берілгені анықталды.

Нақтыласақ, Жаӊақорған аудандық жер қатынастары бөлімі 2014 жылы Жаӊақорған кенті "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожолыныӊ бойынан объекті құрылысын салу үшін жалпы көлемі 0,50 гектар жер учаскесін сатуға аукцион өткізіп, нәтижесімен жеке кәсіпкер А.Калжанов жеӊімпаз болып танылған.

Осыдан кейін, Жаӊақорған аудандық жер қатынастары бөлімі мен кәсіпкер арасында жерді алуға келісім шарт жасалып, осыдан кейін кәсіпкер 700 532 теӊге жер құнын толығымен төлеген.

Алайда, арызды қарау барысында кәсіпкерлік мақсатта объекті салу үшін көздеген жер учаскесіне 2 жылдан астам уақыт бойы жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актісі алынбағаны анықталды.

Бұл жағдайдыӊ созбалаӊға салынуына жергілікті атқарушы органмен Жер кодексініӊ 48-бабыныӊ талабына сәйкес, жер учаскесініӊ шекарасыныӊ айқындалмауы себеп болған.

Орын алған заӊсыздықтар бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде кәсіпкердіӊ құқығы қорғалып, жерге жеке меншік құқығы табысталды.

Аудандық прокуратураныӊ бастамасымен әлеуметтік желілердегі дәстүрлі емес діни ағымдарды насихаттайтын 3 парақшалар бұғатталды.

Мемлекеттік бюджетке 9,4 млн. теӊге өндірілді.

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін 4 тұлға жауаптылыққа тартылды.

Өӊірімізде ағымдағы жылы тіркелген қылмыстардыӊ 55% меншікке қарсы жасалған.

Ұрлық қылмыстарыныӊ 43% мал ұрлықтары. Бұл санаттағы қылмыстардыӊ орын алу жағдайы талданып, жәбірленушілердіӊ 90% малдарын падаға қоспай, қараусыз қалдырғандар екені белгілі болды.

Сауда орындары мен шаруа қожалық иелеріне және тұрғындарға түсіндірме жұмыстары кеӊінен жүргізіліп, ұрлықтыӊ алдын алу шаралары жөнінде арнайы парақшалар таратылды.

Ағымдағы жылы пробация қызметініӊ есебіндегі 6 сотталған жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, оныӊ 4 жұмысқа орналастырылса, біздіӊ үйлестіруімізбен есепке қойылған 20 борышкердіӊ 5-і жұмыспен қамтылды.

Алиментті уақытылы алмаған 40 кәмелетке толмағандардыӊ құқықтары қорғалып, 6 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны