14.11.2017, 17:30 4824

Қызылорда облыстық бюджеттіӊ әлеуметтік бағыты сақталады

Аймақ бюджетініӊ көлемі 190 984,1 млн теӊгеге ұлғайтылды. Облыстық бюджеттіӊ кіріс көзі 1 800 млн теӊгеге ұлғайтылды, аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттерінен пайдаланылмаған трансферттер мен кредиттер қайтарылды.

Қызылорда. 14 қараша. Kazakhstan Today - 2017 жылға арналған Қызылорда облыстық бюджет саясаты басты бағыттары бұл міндеттеп алған қаржылық ресурстар жинақтап уақытылы орындалуын қамтамасыз ету, бірінші кезекте әлеуметтік қамтамасыз ету, сонымен қатар, облыс төӊірегіне әлеуметтік салаға әсер ететін іс-шараларды қамти отырып жұмыссыздықтыӊ қамтылуын қадағалау. Осыған сәйкес, бюджеттіӊ әлеуметтік сала бағыты сақталады.

Облыстық бюджетте мемлекеттік және салалық бағдарламалардыӊ іс-шараларын іске асыруға білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, ауыз сумен қамту және ауыл шарушылығына қаржыландыруға қаржы қаралған.

Аймақ бюджетініӊ көлемі 190 984,1 млн теӊгеге ұлғайтылды. Облыстық бюджеттіӊ кіріс көзі 1 800 млн теӊгеге ұлғайтылды, аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттерінен пайдаланылмаған трансферттер мен кредиттер қайтарылды.

Облыстық бюджет кірісініӊ негізін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтыӊ Қызылорда қаласы мен аудандық бюджеттерініӊ аударым пайыздары құрады.

Осылайша, 2017 жылы облыстық бюджеттіӊ жалпы кірістер көлемі 2017 жылы 177 175 560,4 мыӊ теӊге, 2018 жылы 157 155 959 мыӊ теӊге, 2019 жылы 151 116 888 мыӊ теӊгені құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны