04.03.2008, 17:07 3026

Қызылорда облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тәртіптің 185 бұзылу оқиғасын анықтады

Қызылорда облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тәртіптің 185 бұзылу оқиғасын анықтады

Қызылорда. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы 2007 жылы қызметтік тәртіпті бұзған 185 адамды анықтады. Бұл туралы жақында құрылған полиция қызметін қоғамды бақылау кеңесінің отырысында басқарма бастығы Қанат Дәулетбай мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қызылорда облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы 2007 жылы 205 рейд жүргізді. Оның барысында қызметтік тәртіпті бұзған 185 адам анықталды, 112 полиция қызметкері әкімшілік, ал 61 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 9 полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның төртеуі сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша", - деп атап көрсетті Қ. Дәулетбай.

Атап айтқанда, басқарма бастығының ақпаратына сүйенсек, заң бұзғандардың бірі, полицияның аға лейтенанты жергілікті тұрғыннан 400 теңге тартып алғаны үшін 2 жыл 9 айға сотталды. ІІД тәрбиелеу және кадр жұмысы басқармасының бастығы Мамудин Шохатаев ендігәрі полиция болудан үміткер әрбір адамға тәжірибелі қызметкерлер қатарынан екі адам кепіл болуы тиіс деп хабарлады. М. Шохатаев атап көрсеткендей, "қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқан бөлімшенің жеке құрамының сотта болуы тәрбие жұмысында маңызды фактор болды".

Баспасөз қызметі хабарлағандай, қоғамдық кеңес мүшелері полиция қызметкерлерінің түр-тұлғасын қадағалайтын коменданттық патрульдерді енгізуді құптады. Халық арасында құқық қорғау органдарының оң бейнесін жасау жұмысын күшейту қажеттілігіне назар аударылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны