04.07.2017, 13:04 3893

Қызылорда облыстық прокуратурасы мектеп жасындағы 297 баланыӊ Конституциямен кепілдік берілген тегін орта біліммен қамтамасыз етілмегенін анықтады

Бұзушылықтарға жол беріп, бақылау жасамаған лауазымды тұлғалар, соныӊ ішінде колледж директоры тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Қызылорда. 4 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық прокуратурасы 297 мектеп жасындағы баланыӊ Конституциямен кепілдік берілген тегін орта біліммен қамтамасыз етілмегенін анықтады.

Олар 9 сыныпты бітіргеннен кейін колледжге түсіп, бірақ, түрлі себептермен оқуларын аяқтай алмаған. Колледж басшылығы білім беру басқармасына оқудан шығарылғандар туралы хабар бермеген. Оқу ақысына қарыз болғандықтан олардыӊ басым көпшілігіне қажетті орта білімді жалғастыру үшін құжаттарды беруге бас тартылған, - деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Мысалы, Б.Нұрлан 9 сыныпты бітіргеннен кейін 2015 жылы ақылы негізде Қызылорда аграрлық-техникалық колледжіне оқуға түседі. Бірінші курстан кейін оқу ақысын төлей алмағаны үшін оқуын үзеді. Құжаттары колледжде қалып, өзі бір жылдан астам уақыт үйде отырады.

Орта білімніӊ болмауы жасөспірімніӊ тұлғалық қалыптасуы мен дамуына теріс әсер ететінін атап өтуіміз керек. Болашақта бұл түрлі мәселелердіӊ себебіне айналуы, оныӊ ішінде әскери борышын өтеуге, жұмысқа орналасуы мен қоғаммен байланысуына шектеу болуы мүмкін.

Прокуратураныӊ талабымен облыстық білім беру басқармасы колледжден шығарылған барлық балалардыӊ тұрғылықты орнын анықтап, олардыӊ оқуды жалғастыруы үшін шаралар қолданды. Атап айтсақ, 80 бала кері қайтарылып, 132 бала жаӊа оқу жылынан нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында құжаттарын рәсімдеуде. Сондай-ақ, өзге облыстардағы 13 балаға уәкілетті органдарға оларды орта біліммен қамтамасыз ету қажеттігі туралы хабарлама жолданды.

Бұзушылықтарға жол беріп, бақылау жасамаған лауазымды тұлғалар, соныӊ ішінде колледж директоры тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Прокуратура талдауымен тек 2014 және 2016 жылдарды қамтылғандықтан, уәкілетті органдарға тегін орта білім алмаған өзге балалар бойынша шара қолдану ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны