25.05.2017, 15:46 5498

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясыныӊ отырысы өтті

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясыныӊ 2017 жылғы 19 мамырдағы отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатыныӊ депутаттығына кандидаттарды қолдап таӊдаушылардыӊ қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарын жою мәселелері қаралды.

Қызылорда. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық сайлау комиссиясыныӊ 2017 жылғы 19 мамырдағы отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатыныӊ депутаттығына кандидаттарды қолдап таӊдаушылардыӊ қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарын жою мәселелері қаралды.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ 2014 жылғы 17 шілдедегі 11/236 қаулысымен бекітілген "Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларыныӊ" 6 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатыныӊ депутаттығына кандидатты қолдап таӊдаушылардыӊ қолдарын жинауға арналған қол қою парақтары құпия ақпарат құқығы негізінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ депутаттығына кандидат тіркелген күннен кейінгі он жұмыс күні бойы сақталады, ал кейіннен жойылады.

Осыған байланысты 2017 жылғы 4 мамырда тіркелген ҚР Парламенті Сенатыныӊ депутаттығына кандидат М.Бақтиярұлын қолдап таӊдаушылардыӊ қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарын 2017 жылғы 22 мамырда, 2017 жылғы 5 мамырда тіркелген кандидаттар А.Илназарова мен Е.Ижікеновті қолдауға арналған қол қою парақтарын 2017 жылғы 23 мамырда жою туралы шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ 2017 жылғы 22 мамырдағы № 10/159 қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ депутаттығына кандидаттыӊ республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарыныӊ мынадай мөлшерлері белгіленді:

1) бағдарламаны теледидар арқылы баяндау - 165 000 (жүз алпыс бес мыӊ) теӊге сомасында;

2) бағдарламаны радио арқылы баяндау - 70 000 (жетпіс мыӊ) теӊге сомасында;

3) баспа басылымдарында екі мақала жариялау - 125 000 (жүз жиырма бес мыӊ) теӊге сомасында;

4) кандидаттардыӊ сайлау алдындағы көпшiлiк шараларын өткiзуге, кандидаттардыӊ үгiт материалдарын шығаруға - 30 000 (отыз мыӊ) теӊге сомасында;

5) көліктік шығыстар: облыстар үшін - 70 000 (жетпіс мыӊ) теӊге сомасында, Астана және Алматы қалалары үшін - 30 000 (отыз мыӊ) теӊге сомасында.

Сайлау алдындағы үгітті теӊ жағдайда жүргізуге кепілдікті қамтамасыз ету үшін бөлінген жалпы сомасы 460000 теӊге мөлшеріндегі қаражатты пайдалану құқығы тек Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ депутаттығына тіркелген кандидаттарға берілген.

Сонымен қатар, үгіт жұмыстарын жүргізу үшін кандидат өзініӊ жеке қаражатынан және Республика азаматтары мен ұйымдарыныӊ өз еркімен берген қайырмалдықтарынан құралатын өз сайлау қорын құра алады. Қордыӊ жалпы мөлшері 17 млн 121 мыӊ 300 теӊгеден аспауы тиіс,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны