14.10.2008, 12:05 1738

Қызылорда табиғат қорғау прокуратурасы қоршаған ортаға келтірілген залалдың өтеміне мемлекет пайдасына 56 942 365 теңге өндіріп алды

Қызылорда табиғат қорғау прокуратурасы жер қойнауын пайдаланушылардан қоршаған ортаға келтірілген залалдың өтеміне мемлекет пайдасына 56 942 365 теңге өндіріп алды

Астана. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда табиғат қорғау прокуратурасы жер қойнауын пайдаланушылардан қоршаған ортаға келтірілген залалдың өтеміне мемлекет пайдасына 56 942 365 теңге өндіріп алды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Бас прокуратураның хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға лас қалдықтарды, суларды тағы басқа эмиссияларды заңда көрсетілген мөлшерде шығаруға міндетті. Ал, көрсетілген талапты орындамаса, ҚР заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қызылорда табиғат прокуратурасының қызметкерлері осы бағытта жүргізілген тексеру жұмыстарының барысында, аймақта жер қойнауын пайдаланушы бірқатар мұнай компанияларының аталған заң бұзушылыққа жол бергендіктерін анықтады.

Атап айтсақ, "СНПС - АйДанМұнай" акционерлік қоғамы қоршаған ортаға рұқсат берілген мөлшерден артық эмиссия шығарып, ҚР Салық кодексінің 462-бабына сәйкес, он есе мөлшерде айыппұл төлеген.

Өйткені, нормативтен тыс ластаудың салдарынан қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекет мүлкіне келтірілген залал өтелуге тиіс.

Бұдан басқа, ҚР Экологиялық кодексінің 322-бабының 7-тармағында зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірілген тұлғаны әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтындығы нақты көрсетілген.

Демек, артық мөлшерде табиғатты ластағаны үшін аталмыш акционерлік қоғамның он еселеген салық төлегеніне қарамастан, ҚР Экологиялық кодексіне сай қоршаған ортаға келтірілген залалдың мөлшерін мемлекет пайдасына өтеуі де тиіс.

Осы тектес заң бұзушылықтарға "ҚОР" АҚ және "Консорциум Көлжан SSM OIL" ЖШС де жол берген.

Тексеру қорытындысы бойынша табиғат қорғау прокуроры жоғарыда аты аталған субъектілердің мемлекет пайдасына келген залалды өндіру және олардың әкімшілік жауапкершіліктерін шешу үшін Арал-Сырдария экология департаментіне ұсыныс келтіріп, нәтижесінде мемлекет пайдасына 56 942 365 теңге өндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны