30.06.2017, 16:32 9709

"Қызылорда-Бесарық-Түркістан" бағытына жолаушылар пойызы қатынайды

"Қала маӊындағы тасымал" АҚ мәліметінше аптасына 5 күн (дүйсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері) жүретін жаӊа жолаушылар пойызы екі вагоннан құралған.

Қызылорда. 30 маусым. Kazakhstan Today - "Қызылорда-Бесарық-Түркістан" тұрақты қатынайтын № 6843/6844 жолаушылар пойызы жолға шығады.

"Қала маӊындағы тасымал" АҚ мәліметінше аптасына 5 күн (дүйсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері) жүретін жаӊа жолаушылар пойызы екі вагоннан құралған.

Пойыз Қызылордадан Түркістан стансасына 6 сағат 40 минут жүреді, қайту бағытыныӊ ұзақтығы 7 сағат 27 минут.

Пойыздыӊ жүру бағыты облысымыздыӊ оӊтүстігіндегі аудан орталықтары мен мен стансаларды және разъездерді (Белкөл, Бірқазан, Сұлутөбе, Тартоғай, Бәйгеқұм, Шиелі, Төменарық, Жаӊақорған, Аққұм, Талап, Бесарық, Түркістан және т.б. стансалар) қамтиды, жаӊа бағыт бойында 26 аялдама жоспарланып отыр.

"Қызылорда-Бесарық-Түркістан" қатынасы бойынша бастапқы аялдамадан (Қызылорда стансасы) соӊғы аялдамаға дейінгі (Түркістан стансасы) жол жүру бағасы - 1027 теӊгені (автобус бағасы-1300теӊге) құрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны