31.05.2017, 16:48 9138

Қызылордада 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай митинг өтті

Бүгін Қызылордада 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай митинг өтті. Арай мөлтек ауданындағы мемориалды кешен жанында ұйымдастырылған шарада ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Ибдіқалықова, облыс әкімі Қ.Көшербаев, сталиндік зұлмат салдарынан жапа шеккендердіӊ ұрпақтары ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Қызылорда. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Қызылордада 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай митинг өтті. Арай мөлтек ауданындағы мемориалды кешен жанында ұйымдастырылған шарада ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Ибдіқалықова, облыс әкімі Қ.Көшербаев, сталиндік зұлмат салдарынан жапа шеккендердіӊ ұрпақтары ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Елдікті аӊсап, сол жолда мерт болған азаматтарды жиналған жұртшылық бір минут үнсіздікпен еске алып, құрбан болғандардыӊ рухына тағзым етті.

Бұл мемориал әр буын ұрпақтыӊ зұлмат жылдардағы қасақана жасалған жасанды зауал ашаршылық пен жазықсыз жапа шеккен миллиондаған қандас бауырларымыздыӊ, ата-бабаларымыздыӊ рухына тәу етіп, Тәуелсіздікке тәубе айтар орыны. Айта кетейік, кешен қайта жаӊғыртудан өтті. Ескерткіштіӊ жан-жағы абаттандырылып, жасыл-желекке оранды, айналаға орындықтар қойылды. Бұл саяси репрессия мен ашаршылық кезінде азапты күндерді бастан кешкен жандарға деген құрметтіӊ бір парасы ғана.

Жиырмасыншы ғасырдыӊ басында талайды сарсаӊға салып, қасірет шектірген осынау қаралы күнніӊ елімізде жарияланғанына 20 жыл толып отыр. Ұлттық рухы биік қазақтыӊ барлық көрнекті қайраткерлері, ұлт зиялылары осы қасіреттіӊ жазықсыз құрбандары болды.

- Қиын қыстау заманда Қиыр Шығыстан, Еділ бойынан, Солтүстік Кавказдан күштеп жер аударылған түрлі ұлт өкілдері елімізге қоныстанды. Қазақ халқы өздері қуғын-сүргінге ұшырап отырғанына қарамастан тауқымет тартқан барша ұлысты бауырына басты, қамқорлық көрсетті. Соныӊ ішінде Сыр өӊірініӊ жұртшылығы да сырттан келген ағайынға құшағын айқара ашып, қиын кезеӊдерде пана болды. Сол алмағайып заманда қалыптасқан өзара татулық пен туыстық қатынастар бүгінгі күнге дейін барынша нығайып, бекіді. Өткен жүз жылдықтыӊ басында Қазақ автономиялық Республикасыныӊ алғашқы астанасы болған Қызылорда жеріне Алаш қайраткерлерініӊ әдебиет, ғылым саласындағы зиялылардыӊ шоғырланып, рухани құндылықтарымызды сақтап қалу жолында күрескені тарихтан белгілі. Оларды қуғын-сүргінге ұшырату арқылы халқымыздыӊ Тәуелсіздікке деген арман мақсатына тұсау салуды көздеді. Бірақ Алаш арыстарыныӊ өмірі қатігездікпен қиылса да олардыӊ өз рухын өшіре алған жоқ. Өткенге салауат айтып, саяси қуғын-сүргінге және ашаршылық құрбандарын жадымызда сақтау біздіӊ қасиетті борышымыз, - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Ибдіқалықова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны