31.10.2017, 17:50 8137

Қызылордада апатты тұрғын үйлердіӊ мәселесі толығымен шешілді

Қызылордада тұрғын үйлері апатты деп танылған отбасыларға жаӊадан салынған 305 пәтерлік 6 көпқабатты үй пайдалануға берілді. Баспаналы болғандардыӊ ішінде зейнеткерлер, жас және көпбалалы отбасылар мен жұмыссыздар да бар.

Қызылорда. 31 қазан. Kazakhstan Today - Қызылордада тұрғын үйлері апатты деп танылған отбасыларға жаӊадан салынған 305 пәтерлік 6 көпқабатты үй пайдалануға берілді. Баспаналы болғандардыӊ ішінде зейнеткерлер, жас және көпбалалы отбасылар мен жұмыссыздар да бар.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев пәтер иелеріне кілттерін табыстап, тұрғындарды қоныс тойымен құттықтады.

"Біз мемлекеттік бағдарламалар аясында салынған үйлермен қатар, жыл сайын апаттық жағдайдағы үйлердіӊ мәселесін де кезеӊ-кезеӊімен шешіп келеміз. Бұған дейін апатты деп танылған үйлердіӊ орнына 204 пәтерлік 4 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. Бүгін осы игілікті істердіӊ жалғасы ретінде Жаппасбай батыр көшесі мен Титов қыстағындағы жаӊа мөлтек ауданда 305 пәтерлік 6 көпқабатты тұрғын үйдіӊ кілтін салтанатты түрде табыстағалы тұрмыз. Нәтижесінде биыл қаладағы апаттық жағдайдағы тұрғын үйлердіӊ мәселесі толығымен шешімін тапты деп айтуымызға болады. Осы игі істердіӊ барлығы - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ сындарлы саясатыныӊ арқасында қол жеткізіп отырған еӊ басты жетістігіміз. "Өз үйім - өлеӊ төсегім" деп, басында жеке баспанасы болуын армандамайтын адам жоқ. Үйлі болса, іші жанға толса екен дейді. Бүгін Сіздер сол армандарыӊызға қол жеткіздіӊіздер, енді іші сәбидіӊ күміс күлкісіне толсын дейміз", - деді облыс әкімі.

Жаӊа қонысқа қол жеткізген тұрғындар ризашылықтарын білдіріп, облыс басшысына алғыстарын жеткізді.

Айта кетуіміз керек, 2013 жылы Қызылорда қаласында 300-ге жуық отбасы тұратын 25 апатты үй болған. Бұл мәселені шешу үшін 6 көппәтерлі тұрғын үйдіӊ жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, өткен жылдары оныӊ 4-еуі пайдалануға берілді. Соӊғы 4 жылда Қызылорда қаласында 14 шағын аудан бой түзеп, тек осы жылдыӊ өзінде 61 көпқабатты үйдіӊ 24-і пайдалануға берілді. Ал соӊғы 4,5 жылда өӊірдегі құрылыс көлемі 3,5 есеге, облыс орталығында 8 есеге артты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны