01.07.2008, 18:05 3421

Қызылордада бала ұрлау оқиғасына тосқауыл қойылды

Қызылордада бала ұрлау оқиғасына тосқауыл қойылды

Қызылорда. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел қызметкерлері бала ұрлау оқиғасына тосқауыл қойды. Бұл туралы Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Дүйсенова хабарлады.

Оның айтуынша, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына облыстың бір жұмыссыз азаматы жеті жасар баланы ұрлауды жоспарлағаны туралы ақпарат келіп түскен. Белгілі болғанындай, шалғайда ешкім тұрмайтын бір үй мен ұйқы дәрілері дайындалған.

"Бұрын бірнеше мәрте сотталған азамат кәсіпкер әйелдің ұлын ұрлық "нысаны" ретінде таңдаған", - деп хабарлады полиция подполковнигі Ұлан Ысқақов.

Тәртіп сақшысының мәліметінше, ұрлық жоспарланған күні "еркек өз көлігімен Абай көшесінің бойындағы дүкеннің жанында ойнап жүрген баланың жанына келіп оны ұзақ бақылаған. Оперативтік қызметкерлер оны сол жерде қолға түсірді".

Жауабында еркек өзінің 5 млн теңге көлемінде қарыз болып қалғанын мойындаған. Қаржылық мәселелерін шешу үшін ол баланың анасынан $100 мың бопсаламақ болған.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-тармағы (қылмысқа дайындау және қылмыс жасауға әрекеттену) және 125-бабының 2-тармағы (Кәмелеттік жасқа жетпеген адамды пайдакүнемдік мақсатта ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны